Page 13 - Календарь - 2026 год Семей
P. 13
Соғыстан кейін әуеской сайыстарға да қатысады. Одақтың кіші біріншілігі
есептелетін кәсіподақтардың классикалық күрес сайыстарында үш мәрте чемпион
атанады.
30 жыл цирк аренасында жұмыс істеген Ярков зейнеткерлікке шығып, 1961 жылы
Семейге оралды.
Василий Ярков Саратов пен Ташкент, Пенза мен Таллин, Магнитогорск пен
Красноярск, Иркутск пен Түмен, Фрунзе мен Симферополь, Рига мен Қазан, Новосибирск
пен Челябинск қалаларындағы тамаша жеңістері үшін Құрмет грамоталарымен
марапатталды. Василий Георгиевичтің мұрағатында әскери бөлімдердегі қамқорлық
концерттеріне қатысқаны үшін, Ташкент, Киров және Красноярск дене шынықтыру
ұйымдарында күрескерлерді дайындағаны үшін құрмет грамоталары бар.
Василий Григорьевич 1995 жылы 25 қаңтарда 85 жасында дүние салды.
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. - Астана: Фолиант, 2011.
– Б. 269
21 қаңтар Әнші Роза Байдалинаның туғанына
90 жыл (1936-2012)
Роза Олжайқызы 1936 жылы 21 қаңтарда Семей қаласында
туған. Әнші Семейдің педагогика училищесін бітіріп, 18 жасынан
бастап еңбек жолын ән шырқауға арнаған. Оның еңбек
кітапшасында ”1956 жылы Семейдің облыстық филармониясының
әншісі” деген бір-ақ жазу бар, содан бері өзінің білімін, өнерін
молайтумен шұғылданып келді.
1961 жылы саз колледжінің ән белімін бітіріп, сол жылы
облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармониясына әнші
болып өзінің еңбек жолын бастаған. Қызмет ете жүріп, Шымкент
мәдениет институтында оқып білімін кетереді.
1969 жылы эстрада артистерінің республикалық конкурсында лауреат атағын алды.
Осы уақытқа дейін 40 жыл бойы өз өнерімен Қазақстанның мәдениетін кетеруде өзіндік
үлесін қосып келді. Роза Олжайқызы қазақ тілі мен орыс тілін жетік білетін өнерпаз.
Өзінің көңіліне қонған музыкалық шығармаларды нота арқылы үйреніп репертуарына
енгізіп, толықтырып отырды. Роза ұзақ жылдар бойы лекторий тобын басқарып, алуан
түрлі маңызды тақырыптарда лекция-концерттер өткізді. Ол тақырыптар: ”Халық
қазынасы’, ”Көне романстар туралы”, ”Отан әуендері”, ”Ешкімде ұмтылмайды”, ”Музыка
аспаптарының тарихы туралы”, өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы.
Әншінің репертуары кең және әр салалы. Роза әлемдік классик сазгерлердің, орыс
және ТМД сазгерлерінің шығармаларын шебер меңгерумен бірге, қазақтың халық әндерін
де келістіре орындайды. Мысалы, орыс классиктерінен Доргомыжскийдің,
Рахманиновтың, П.И.Чайковскийдің, Римский-Корсаковтың романстарын орындады.
Шетел композиторларынан Гриктің, Листтың, Аренскийдің, Сенсанстың т.б., қазақ
композиторларынан С.Мұхамеджановтың, М.Төлебаевтың, Т.Базарбаевтың,
Н.Тілендиевтің өлендері мен романстарын шырқады.
Өз өмірі жайлы Роза Олжайқызы былай дейді: ”Менің өмірім әнмен басталды,
әнмен өтетін болар. Ән салу, әнмен бірге сапарға шығу, әнмен егіліп, әнмен жұбану,
әнмен сауығу, әнмен шөлімді басу, тыңдаушымды табу

