Page 116 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 116
жылы Алашорда іс басқармасының бастығы болып, Қоқан автономиясы
орталық комитетінің мүшесіне сайланған. Қоқан автономиясы таратылғаннан
кейін Семейге келіп, осы қалада Алаш үкіметінде болып, оның бірқатар
жұмыстарына атсалысқан. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында
Қазақстанның юстиция халық комиссариатында жұмыс істеді. С.Ақбаев 1930
жылы Алматыда заңгер қызметін атқарған. 1937 жылы қайтыс болған.
Әдебиет:
Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық
анықтамалық.- Алматы: Сардар. – 2014. – б.21-22
Аманжолов Садық
(1885-1941)
Алаш қозғалысына қатысушы қайраткер Аманжолов
Садық Аюкеұлы 1885 жылы Алматы облысы Шелек
ауданы Қаратұрық ауылында дүниеге келген. Балалық
шағы туған ауылында өтеді. Арманшыл әке Аюке
баласынан үлкен үміт күтсе керек, оны жастайынан үлкен
істерге дайындап кесек мінез қалыптастыруына себепші
болған. Ол білімге құштар болып өседі. Әкесі оны
Верныйдағы (Алматы) ұлдар гимназиясына оқуға береді. Ол мектепті 1902
жылы бітіреді. Бірақ, өзінің алған білімін қанағат тұтпайды. Ол Қазандағы
император университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1910 жылы
университетті тамамдап, елге оралады. Алғашында өз мамандығы бойынша
жұмыс істейді. С.Аманжолов 1917 жылға дейін Жетісу облысының (Аягөз,
Үржар) заң орындарында қызмет атқарады. Кейін Үржар уезінде қазақ
комитетінің төрағасы болады.
1917 жылдың 21-26 шілде аралығында Орынборда бірінші жалпықазақ
сиезі өткенде, сол сиезге қатысады. Сиезге жиналған қазақ зиялыларының
ұйғаруымен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат болып сайланады.
Бүкілресейлік сиезден кейін «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарын
құру ісіне араласып, мәнді әрі ауыр міндетті мойнына алады. Жетісу өңірінде
Алаш ұйымдарының құрылуы мен оның қызметінің тыңғылықты жүруіне
бір кісідей тер төкті.
Екінші жалпықазақ сиезінде Ұлт Кеңесіне мүше болып сайланды.
Жетісуда Алашорда жасақтарын құру ісінде ұйымдастырушылық қабілетімен

