Page 112 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 112
айналған Мысыр мүфтиі М.Абдо мен пәлсапашы Ж.Афғани реформаларынан
хабардар еді.
Санаткер «Өрнек» аталынған еңбегінде «Адамдар әр ісінде Алланың
көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе,
ғылым-өнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бойұсынған
болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді
нәрсе»,-дейді. Бұрынғы-кейінгі қазақ шындығын осы қағидатпен сараптап
жіберсек, «әй, қап!»-қа үн қосып жіберетін жағдайымыз жоқ та емес. Мұны
Қараш та жақсы аңғарса керек, аталған кітабында: «Өнерсіз, жалқау
халықтардың ақырында көрешегі өз алдына, дүниеде-ақ бек ащы жаза
тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, ғылымды елдерге құл болады. Қара
басының билігі, ықтияры болмайды. Адамдар ретінде кіре алмайды, хайуан
деуге сорты келмейді. Екі аралық жануар ретінде аяқ астында тапталып, күні
мен дінінен бірдей айырылып, ғақпетінде әлек болады»,-деп жазады.
Мұндағы «ғақпет» – өмірдің сын сәті деген мағына береді. Ағартушының
пайымынша, ұлттың күйреуі – оны сақтай алмағандардың ісі ретінде
бағаланып, олар Жаратқан алдында күнәсіне қарай жаза тартады. Қайраткер-
ақынның ұлт бірлігіне қатысты да айрықша ойлары бар. Бұл орайда
Ж.Афғани пайымына сүйене отырып айтқан Қараштың мына пікірі аса
маңызды деп білеміз: «Әрбір адам сол милләттің бір ағзасы болғандығы үшін
өзіне тиіс болған өнер сүнғатты біліп, дәйім милләтке пайда келтіріп, ол
арқылы өз басының тірлігін сақтауға міндетті». Мұны бүгінгі танымға
түсінікті етіп айтсақ, мемлекет халқы бір организм (ағза), бір ұлт болып, елді
көтеретіндей кәсіппен айналысуы қажет. Осының нәтижесінде қоғамның
әрбір мүшесі өз орнын анықтайды. Бұл қағидаттың адамзат дамуына
ешқандай қайшылығы жоқ. Елін, жерін аса қадірлеген, сол үшін азаматтықта
да, ақындықта да аянып қалмаған Қараш адамзат пен ұлтқа ең ділгір қасиет
ретінде ар-ожданды атайды. Татардың «Шора» журналында 1911 жылы
жарияланған «Ар-ождан – сенім өлшемі» атты мақаласында ол: «Әрбір
жағдайда ар-ождан биік тұруы керек. Сонда ғана оның қасиеті жоғары
болмақ»,-деп жазады. Әлбетте, Қараш сыны ұлтқа шын жаны ашыған
адамның сыны. Оның елге, замандастарына айтқан ақылын да осы өреде
түсінеміз. Заманаға шынайы көзбен қарайтын ақын: «Дүниеде не арзан?» деп
сұраушыға «Біздің қазақ жігіттерінің ғұмыры» деп жауап берілсе, бек дұрыс
жауап болмақ» дейді. Бұл пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де көкейкесті
естіледі.
Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып,
Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен
бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада
өткен Бөкей қазақтарының сиезіне қатысады. 1917-1919 жылы Алаш
қозғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші
жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші
жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене

