Page 117 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 117
көзге түседі. Кейін Шыңжаңның Шәуешек қаласында Алашорда жасақтарын
құруға жетекшілік етеді. Алашорда көсемдерінің бәрі де өздері үлгі көрсете
алатын, жан-жақты жетілген кемел азаматтар еді.
С.Аманжолов 1923-1930 жылдары Қазақ Автономиялық Социалистік
Кеңестік Республикасы заң халық комиссариатында қызмет атқарады.
1930 жылдың зобалаңы басталғанда оның да тағдыры тәлкекке түседі.
Аманжолов Садық Қазақстаннан қуғындалады. Басында жан сауғалап
Мәскеуге барады. Алайда Ресей астанасы ұзақ мекен бола алмайтынын
түсініп, Бішкекке, одан Ташкентке кетеді. Осы өмірінің ішінде қазақ халқы
үшін оның ұлттық мемлекеті – Алашорда үкіметі үшін бір кісідей үлес
қосып, елеулі еңбек етеді. 1941 жылы бесінші желтоқсанда Ташкент
қаласында 56 жасында өмірден өтеді.
Әдебиеттер:
Аманжолов Садық Аюкеұлы // Алаш. Алашорда: энциклопедия /
құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: Арыс баспасы, 2009. – Б.53-54
Алаш зиялысының бейіті Ташкентте жатыр // Айқын апта. – 2007.- 8
наурыз. – №43
Әбдешев М. “Алаш Орда” министрлігі/ Министры “Алаш Орды”. –
Алматы, 2008. – 114 с.
Қазақтар Т.3: Шежіре. - Қазақстан даму институты, 1998. – 370 Б.
Құл-Мұхаммед М. “Алаш” бағдарламасы: қиянат пен ақиқат. –
Алматы: Атамұра, 2000. – 240 б.
Төлепберген Б. Мәңгі жас – Алаш идеясы: публицистикалық
зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Алматы баспа үйі , 2008. – 304 б.
Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық
анықтамалық. – Алматы: Сардар. – 2014. – Б.68-69
Интернет сілтемелер:
Аманжолов Садық // https://alash.semeylib.kz/?page_id=498

