Page 119 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 119

түрмесіне,  кейін  Семей  түрмесіне  қамайды…  А.  Байтұрсыновтың  жұбайы
                  Александра атты орыс әйелі ешкімі жоқ пәтерде жүрген жетім қыз болатын
                  (тіпті, фамилиясы да белгісіз еді). Ахмет түрмеде жатқанда, тамақ тасып, кір-
                  қоңын  жуып  оған  қызмет  көрсетеді.  Ар-ұяты,  адамгершілігі  зор  азамат
                  мұндай  қайырымдылықты,  адал  көңілді  аттап  кетуді  ар  санап,  түрмеден
                  шыққан  соң,  сол  жетім  қызға  үйленеді.  Ол  кезде  өзге  діндегі  әйелмен
                  мұсылманның  некесін  қиғызу  қиын  іс  болғандықтан,  Александраға
                  Бадрисафа деген мұсылманша ат беріп, татар қызы еді деп некеге отырады.
                  Ахаңмен  бірге  көп  қиындық  кешіп  өткен  Бадрисафа  1943  жылы  қайтыс
                  болған»  деп  жазады.  Ал  енді  Имамның  нағашысы  Мақат  Рахманұлы
                  «Ахаңның  Имам  деген  досы  болған»  мақаласында  осы  жылдары  Имам
                  Әлімбеков те Варвара есімді орыс қызына үйленіп, мұсылманша атын Бәтима
                  деп қойып, Семейдегі Ахмет Риза мешітінде некесін қидырғанын айтады [Г.
                  Бұхарбаева, Г. Сафарова. Имам Әлімбеков – қайта оралған есім. Қарағанды,
                  2005].


                         Ахаң  мен  Имам  Қарқаралыдан  кейін  де  арадағы  достық  байланысын
                  үзбеген.  Олай  болатыны,  Әлихан  Бөкейхановтың  араласуымен  А.
                  Байтұрсынов  1909  жылы  Семей  түрмесіндегі  сегіз  айға  созылған  тас
                  қамақтан  босап,  Орынборға  саяси  жер  аударылады.  1913  жылдан  сонда
                  «Қазақ» газетін шығара бастайды. Өз кезегінде Имам да баспасөз жұмысына
                  қызу араласып, жәрдемін жасайды. 1917 жылғы ақпан төңкерісін Орынборда
                  Ахаңмен бірге қарсы алады. Содан 2-8 сәуірі аралығында Орынборда өткен
                  Торғай  қазақтары  сьезіне  қатысып,  Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.
                  Дулатов, Сейідәзім Кәдірбаев, Ғұмар Есенғұлов, Есен Тұрмұхамедов, Керей
                  Тұрымовтармен  бірге  жалпы  қазақ  сьезін  шақыру  жөніндегі  айырықша
                  бюроның  құрамына  сайланады.  Ал  «Қазақ  халқының  тұңғыш  сьезі»
                  мақаласында  «…  бұл  өзі  қазақтың  орыс  қоластына  кіргеннен  бері  зор
                  қалыпта құрылған тұңғыш сиезі еді» деп оның саяси маңызын атап жазады.


                  Дегенмен ол көпұзамай Семейге қайтып оралады.


                         Бұл  туралы  1917  жылғы  «Қазақ»  газетінің  №242  санында:
                  «Сарыарқаны» қазақ емлесімен шығару мақсатымен «Қазақ» басқармасында
                  қызмет етіп тұрған Имам Әлімбековты Семейге шақырды. Имам жүріп кетті.
                  «Сарыарқа» көңілдегідей жақсы. Жолдасымызға құтты болсын айтамыз» деп
                  шағын  хабар  да  жарияланған.  Осы  «Сарыарқаның»  жауапты  шығарушы
                  болып  қызмет  атқарып,  1917  жылдың  12  қыркүйегінде  Семейде  екінші
                  облыстық қазақ сьезін өткізуге атсалысады. Сондай-ақ «Алаш» партиясының
                  облыстық комитетінің құрамына еніп, Семей уездік Земствосының депутаты
                  болып  сайланады.  «Сарыарқа»  газетінде  редакторлық  қызметте  жүріп,
                  болашақ тәуелсіз қазақ автономиясын құру идеясын қолдаушылардың біріне
                  айналады.
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124