Page 118 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 118

Әлімбеков Имам


                                                          (1885-1937)






                                               Алаш қайраткерлерінің бірі – Имам Әлімбеков  1885
                                        жылы  бұрынғы  Семей  губерниясы  Қарқаралы  уезінің
                                        Ақсары болысында дүниеге келген. Азан шақырып қойған
                                        аты  Имаммағзұм.  Бірақ  та  ел-жұрты  оны  Имам  деп  атап
                                        кеткен.


                  Жалпы  Имам  Әлімбековтің  қоғамдық-саяси  өміріне  қатысты  бір  деректе,
                  оның Қарқаралыдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген соң, Семей
                  мұғалімдер  семинариясында  Әбікей  Сәтбаевпен  бірге  оқып,  кейін  сонда
                  оқытушылық  қызмет  жасағаны  сөз  болады  [«Алаш»  қозғалысы.  Алматы,
                  2008.  45-46  беттер].  Ұлт  зиялысы  Әбікей  Сәтбаев  1926  жылдың  20
                  мамырында өз қолымен толтырған автобиографиясында «1907 жылы Семей
                  мұғалімдер  семинариясын  бітірдім»  деп  жазады.  [Из  личного  дела  А.
                  Сатпаева.  Семипалатинский  ЦДНИ.  Фонд-415,  дело-510,  опись-02]  Жалпы
                  Имам Әлімбековтың ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметі туралы деректер
                  негізінен  оның  алғаш  Алаш  қайраткерлері  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет
                  Байтұрсынов,  Жақып  Ақбаев,  Әбікей  Сәтбаевтармен  етене  жақын  таныс,
                  сыралғы  дос,  қызметтес  болған  жылдарды  қамтитынын  айғақтайды.  Бұл
                  арада     алдымен  Ахаң           мен     Имамның        арасындағы        педагогикалық-
                  шығармашылық байланысты және олардың жеке отбасылық өміріндегі ұқсас
                  жайды айта кеткен жөн бе деп санаймын. Біріншіден, Имам Әлімбеков Семей
                  мұғалімдер семинариясын Әбікей Сәтбаевпен қатар оқып бітіріп, одан Ахмет
                  Байтұрсыновпен Қарқаралы мектептерінде бірге қызмет атқарады.


                          Осы уақытта ол Ахаңнан тәлім алып, өзінің шығармашылық қабілетін
                  ұштағанға ұқсайды. Екіншіден, жеке отбасылық ұқсастықтар жайында айтар
                  болсақ, сол  кездегі патшалық  Ресейдің  Мәскеу, Петербург, Қазан  және  т.б.
                  университеттерін бітірген қазақ оқығандарының көбіне жұбайлары орыс не
                  татар, ноғай, башқұрт ұлтынан болып келетін. Тіпті, Алаш көсемдері Әлихан
                  мен Ахметтің әйелдері де орыс қыздары болатын. Мысалы, академик Рабиға
                  Сыздықова  Ахмет  Байтұрсынов  туралы  монографиялық  зерттеу  еңбегінде:
                  «Көп ұзамай А. Байтұрсынов Омбыдан Қарқаралыға келіп, әуелі екі кластық
                  орыс-қазақ  мектебінде,  кейін  училищеде  сабақ  береді….  Самодержавиеге
                  қарсы пікірлер білдіріп, іс-әрекеттер жүргізіп отыр деген айыппен ұсталып,
                  1907 жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады.


                         1909  жылы  1  маусымда  А.  Байтұрсыновты  Семей  губернаторы
                  Тройницкийдің  жарлығымен  тағы  да  тұтқынға  алып,  әуелі  Қарқаралы
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123