Page 111 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 111

1928 жылы 22 қарашасында Қазақстанның Біріккен мемлекеттік саяси
                  басқармасының шығыс бөлімінің бұйрығымен қамауға алынған. 1929 жылы
                  15  наурызда  БМСБ  –  ның  коллегиясының  Ерекше  мәжілісінің  қаулысы
                  бойынша  3  жылға  Уфа    қаласына    отбасымен  жер  аударылып,  Москва,
                  Ленинград,  Харьков,  Киев,  Одесса  қалалары    мен  Орта  Азияда  тұру
                  құқығымен айрылған.


                         1989  жылы  24  сәуірдегі  Жезқазған  облыстық  прокуратурасының
                  шешімімен ақталған.


                                                         Әдебиеттер:

                         Қасқабасов Хасен // Алаш. Алашорда: Энциклопедия / Құраст.: Ғ.Әнес,
                  С.Смағұлова.- Алматы: Арыс баспасы, 2009.- б.222








                                                 Қараш Ғұмар (1875-1921)






                                             Көрнекті  Алаш  қайраткері,  діндар-ақын  Қараш Ғұмар
                                      1875  жылы  қазіргі  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жәнібек
                                      ауылында  дүниеге  келген.  Қырқұдық  ауыл  молдасынан  хат
                                      танығаннан  кейін,  Жалпақталдағы  Ғ.Ғәлікейұлы  ұстаған
                                      медреседе  оқиды.  1902-1910  жылдары  жиған  білімімен
                                      ауылында Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада
                                      әйгілі  Шәңгерей  Бөкейұлының  шақыруымен  Көлборсыға
                  мұғалім  болып  келеді.  Жаңалыққа  жаны  құмар,  имандылық  пен  дәстүрдің
                  жібін  үзбеген  әдеби  орта  қалыптастыруға  себепші  болады.  Қайраткер  1907
                  жылдан  бастап  татар  және  қазақ  тіліндегі  мерзімді  басылымдарға  мақала
                  жариялай  бастайды.  1911-1913  жылдары  алғаш  Ордада,  кейін  Оралда
                  басылған  «Қазақстан»  газетін  шығарысуға,  оның  саяси-мәдени  әлеуетін
                  көтеруге  атсалысты.  Осы  кезеңде  қазақтың  саяси  көзін  ашатын,  рухани
                  байытатын  «Ойға  келген  пікірлерім».  «Бала  тұлпар»,  «Аға  тұлпар»,
                  «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты кітаптар жарияланды.
                  Ол Ғабдолла Мұштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап»
                  журналы  мен  «Қазақ»  газетіне  мақалалар  жазып  тұрды.  Орынборда
                  «Шайыр…» және «Көксілдер…» атты жинақ шығарды. Ғ.Қараш ұлт идеясын
                  көтеру  мен  елшілдік  мәселесін  талдап-таразылауды  бірізді  және  жүйелі
                  жазған  қаламгер.  Ол  XIX  ғасырда  мұсылмандық  Шығысқа  ерекше  серпін
                  берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниеттесіне
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116