Page 115 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 115
еңбегі 1912 жылы Қазан қаласында басылған. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен
кейін Семей облыстық қазақ комитеті құрамына еніп, Семей облыстық қазақ
сиезін ұйымдастырушылардың бірі болды. Алаш партиясының Семейдегі
комитетін құруда қажыр-қайратын танытады. Азамат соғысы жылдары Алаш
атты әскер полкын ұйымдастыру жолында ел ішінде үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізеді.1918-1919 жылдары Алаштың атты полкін
ұйымдастыруға жан аямай кіріседі. Кеңес үкіметі тұсында Семейдегі
педагогикалық колледжде, губерниялық халық ағарту бөлімінде жұмыс
істеді. Баспасөзде редактор болды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны.
Әдебиеттер:
Малдыбаев Мұстақым // Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы.
энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.297
Малдыбаев Мұстақым // Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст.:
Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: Арыс баспасы, 2009. – Б.235-236
Көшкiмбаева С. Малдыбайдың Мұстақымы туралы не бiлемiз?:
педагог, публицист жайлы // Дала мен қала. – 2004. – 12 наурыз (№ 10). –
Б.16
Жәпек М. Жалындап өткен ғұмыр: Алаш ардагерi, мұғалiм, публицист
Мұстақым Малдыбаев туралы // Орталық Қазақстан. – 2005. – 16 желтоқсан.
– Б.5
Интернет сілтемелер:
Малдыбаев_Мұстақым // https://kk.wikipedia.org/wiki/
Ақаев Серікбай Жұмағалиұлы (1880-1937)
Алаш қозғалысының қайраткері Ақаев Серікбай
Жұмағалиұлы 1880 жылы Торғай облысы, бесінші
ауылында дүниеге келген. Орта білім алған. 1916 жылы
Наманган уезінде адвокат қызметін атқарған. Бірінші
Жалпықазақ сиезінде Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған. 1918

