Page 123 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 123
Әдебиеттер:
Бердиев Ғұбайдолла // Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы:
энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.117-118
Бердиев Ғұбайдолла // Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст.:
Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: Арыс баспасы, 2009. – Б.102
Интернет сілтемелер:
Бердиев Ғұбайдолла // https://alash.semeylib.kz/?page_id=273
Досмұхамедов Жанша
(1885-1932)
Досмұхамедов Жанша – қазақ халқының көрнекті
мемлекет қайраткері, жоғары білімді алғашқы
заңгерлердің бірі, саясаткер. Ж.Досмұхамедов 1885 жылы
Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы, Тамды өзені бойында
дүниеге келген. Әкесі Досмұхамед Жайық өңіріне аты
мәлім дәулетті, көзі ашық, көшелі кісі болған.
Ж.Досмұхамедов бала кезінде ауыл молдасынан хат
танып, жалдама жәдид мұғалімінен, кейін болыстық орыс-казақ мектебінен
білім алды. 1896 ж. Орал каласындағы реальдық әскер училищесінің
дайындық класына қабылданды, әскери дайындықпен қатар дүниәуи
пәндерден сабақ берген Ескоев, Михайлов, Звябин, Глизенгер тәрізді
мұғалімдерден тиянақты білім алып, үздік оқыды – кластан класқа
емтихансыз көшіріліп, мақтау қағаздарына ие болды, есімі училищенің
Құрмет тақтасына жазылды.
Ж. Досмұхамедов училищедегі әуесқой драма үйірмесінің жұмысына,
«Ревизор» тәрізді пьесаларды сахналауға қатысты, әдеби шығармаларды
мәнерлеп оқуымен көзге түсті. Осы оқу орнында Ж.Досмұхамедов Халел
Досмұхамедов Жалмұхамед Сүйінтұрұлы, Нұрғали Ипмағамбетов, Нұрғали
Досбайүлы, Ғұбайдолла Бердиев, Шабһазкерей Күсепқалиев сияқты болашақ
қоғам қайраткерлерімен жақындасып, осы топ әсерімен алғашқы саяси-

