Page 136 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 136

қызылдардың  I  Армиясы  құрамындағы  3-Татар  атқыштар  полкі  арасында
                  келіссөзге жүрген екі делегаттың бірі. Татар полкінің командирі Х.Мәулідов
                  пен  әскери  комиссары  Ғ.Қасымовқа  Батыс  Алаш-Орда   үкіметінің  Қызыл-
                  Қоғада  тұрған  Елек  қазақ  корпусын  бірлескен  тұтқиыл  шабуылмен  алу
                  жоспарын  жеткізді.  Қызылдар  екінші  парламенттерді  кепілге  ұстап  қалып,
                  Жанқадамовты «З-Татар полкінде бірқатар уақыт болған, Кеңес үкіметінің аз
                  халықтар  жөніндегі  саясатымен  жете  танысқан,  сондықтан  Батыс  Алаш-
                  Орда   үкіметіне  мән-жайды  толық  түсіндіріп  бере  алатын  адам»  ретінде
                  қайтарды. Бұдан кейін Жанқадамов Қызыл-Қоғадағы қалыптасқан жағдайды
                  талқылау  үшін  жиналған  земстволық  және  қалалық  өзін-өзі  басқару
                  орындары,  саяси  және  қоғамдық  ұйымдары  өкілдері,  ақсақалдар  мен  діни
                  иелері кеңесіне (1920 ж. 10 желтоқсан) қатысты. Шын мәнінде, сәл кейінірек,
                  27 желтоқсанда түнде Батыс Алаш-Орда  үкіметі Жанқадамов бұрын Ойылға
                  жеткізген  әскери  қимыл  жоспарын  дербес  жүзеге  асырып,  тұтас  Елек
                  корпусын  өз  күшімен  қолға  түсірді.  Батыс  Алаш-Орда   үкіметі  таратылған
                  соң  Жанқадамов  өзге  үкімет  мүшелерімен  бірге  елден  аулақ  ұсталды. 1920
                  жылы  Орынборға  әкелінді.  Сол  жылы  1  шілдеден  Қазәсревкомның
                  Редакциялық коллегиясында аударма комиссиясын басқарды. 1920 жылы аяқ
                  шенінде  елге  оралып,  1924  жылға  дейін  Жымпиты  уезіне  қарасты
                  Қалдығайты, Көкөзек болыстарында әртүрлі Кеңес қызметінде болды.  1920
                  жылдың  аяғы  мен  1930  жылдың  басында  Тайпақ  ауданында  мал  дәрігері
                  қызметін атқарды. «Халық жауларына» қарсы науқан өршіген 1936 жылдың
                  басында  қызметінен  босатылды.  1937  жылы  жазда  Орал  қаласында
                  тұтқындалды.  ІІХК  Батыс  Қазақстан  облыстық  басқармасы  үштігінің
                  қаулысымен  1937  жылы   екінші  желтоқсанда  атылды.  Б.Жанқадамовтың
                  есімі  ҚР  Жоғарғы  Соты  коллегиясының  1992  жылы  16  қыркүйектегі
                  ұйғарымымен ақталды.




                                                         Әдебиеттер:


                         Жанқадамов Бижанғали // Тілешов Е, Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы:
                  энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.181-184


                         Алаш.  Алашорда:  энциклопедия  /  құраст.:  Ғ.Әнес,  С.Смағұлова.-
                  Алматы: Арыс баспасы, 2009. – Б.161-163


                         Елеукенов Ш. Алашшыл азамат тағдыры // Жұлдыз. – 1993. – №1


                         Хасанов К. Ақтаңдақта атылған азаматтар. – Чапаев селосы, 1996. – 55
                  Б.

                         Хасанов К. Бижан Жанқадамов. – Орал, 2008. – 66 Б.
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141