Page 135 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 135

Интернет сілтеме:


                  Сарбөпин Нұғыман// https://alash.semeylib.kz/?page_id=422






                                         Жанқадамов Бижанғали (1889 – 1937)




                                             Батыс  Алаш-Орда  қайраткері,  қазақ  халқының
                                      алғашқы       жоғарғы       білімді     мал     дәрігерлерінің       бірі
                                      Жанқадамов  Бижанғали  1889  жылы  Батыс  Қазақстан
                                      облысы  Қаратөбе  ауданы  Ханкөл  ауылында  туған.  Әкесі
                                      Әбілқас орта шаруалы адам болған. Б.Жанқадамов болыстық
                                      орыс-қазақ  училищесін,  Орал  реальдық  әскер  училищесін
                  бітірген  (1906-1912  ж.  шамасы).  1912-1917  жылы  аралығында  Қазан
                  ветеринарлық  институтында  оқып,  оны  мал  дәрігері  маманы  деген
                  дипломмен  тәмамдады.  1915  жылы  қаражат  жоқтықтан  оқуын  үзіп
                  алғандығы жөнінде курстасы Мұқаш Боштаев «Қазақ» газетіне жазды. 1916
                  жылы  К.Жәленов,  М.Балтанов,  М.Баймұхамедовпен  бірге  қазақтан
                  майдандағы  тыл  жұмысына  адам  алуды  тоқтату  жөніндегі  Жайық  сырты
                  қазақтары делегациясы құрамында Петроградқа барды.


                         Сол  жылы  сәуір  ортасында  Орал  қаласында  өткен  I  Қазақ  Орал
                  облыстық  сиезінің  делегаты.  Осы  сиезде  Орал облыстық  қазақ  комитетінің
                  мүшесі  болып  сайланды.  1917  жылы  күзде  II  Қазақ  облыстық  сиезі
                  шешімімен жүргізілген земство сайлауында С.Омаров, К.Отаров, Ғ.Жетпісов
                  тәрізді  ел  ішіндегі  ықпалды  адамдардың  ұсынуымен  Жымпиты  уездік
                  земство  басқармасы  төрағалығына  К.Жәленовпен  баламалы  негізде  түсіп,
                  басым дауыспен төраға болып сайланды.


                         1917  жылы  күзде  облыстық  земство  төрағасын  сайлау  кезінде  қазақ
                  оқығандары арасындағы топқа бөлінген күрестен өзін аулақ ұстады. Земство
                  жүйесін бірден-бір жергілікті билік  органы  деп  біліп, оның демократиялық
                  негізде жұмыс істеп, халық шаруашылығы міндеттерін толығынан атқаруына
                  қол  жеткізуге  күш  салды.  Ойыл  облысында  үкімет  пен  земство  билігінің
                  қосарланбай,  екі  билік  органының  ара-жігі  дәл  ажыратылуын  жақтады.
                  Осындай тура ды шыншыл, принципшіл мінезімен ел ықыласына бөленіп, аз
                  уақытта Ойыл облысы басшылары санатына енді.

                         1919  жылы  желтоқсанның  басында  Қызыл-Қоға  маңындағы  Миялы
                  жайлауында        тұрған      Ж.Досмұхамедұлының             Жымпиты         отряды      мен
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140