Page 139 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 139
бабалары Қыпшақ-Бошай тегінен шыққан дала аристократтары еді.
Мұстафаның атасы Сырдария аймағының Хиуа хандығын билеуші, ал әкесі
халыққа беделді билердің бірі болған.
Бастауыш білімді ауыл мектебінде, орта білімді Ташкенттегі орыс
гимназиясынан алады да, Петербург университетін құқықтану мамандығы
бойынша үздік бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене
араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады.
1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі
мұсылмандарының 1-ші сиезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып
сайланады. Ол Ресейдегі «Бірлік туы» газетінің негізін қалаған алғашқы
редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды
мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін
құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» төрағалық
етті. Бірінші жалпықазақ сиезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай
жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат
депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын
мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің 3-ші
сиезі қабылдаған «Өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл өкілдерінен
кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді» деген қаулысын
Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси
ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай
жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі»
Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше сиезін тез
арада өткізу ісін қолға алды.
1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі
мұсылмандарының төтенше 4-сиезінің төралқасына басшылық етті. Осы
сиез шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан
тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша
үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы
М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай
ұсынылды. Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ
сиезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Сиез аяқталғаннан кейін
Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария
қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат
жолдады. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының
сиезі «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан)
автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан
шығып, Алаш автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады.
Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын
құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр