Page 131 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 131

Дулатов Міржақып// https://alash.semeylib.kz/?page_id=287






                                                    Қадырбаев Сейдәзім


                                                          (1885-1938)





                                                 Қадырбаев Сейдәзім Құлмағанбетұлы (1885, қазіргі
                                          Қостанай  облысы,  Жангелдин  ауданы  -1938,  Ресей,
                                          Воронеж)  –  Торғай  өңіріндегі  Алашорда  қозғалысы
                                          қайраткерлерінің  бірі.  Алғашқылардың  бірі  болып
                                          заңгерлік  білім  игерген  ұлт  қайраткері.  Ол  1913-1918
                  жылдары Орынбордағы сот кеңселерінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.
                  1918-1920  жылдары  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  т.б.  бірге  «Алашорда»
                  үкіметінің Торғай әскери бөлімшесіндегі көшбасшыларының бірі болды. Ал,
                  1922-1929       жылдар        аралығында        Қазақ      АКСР       Юстиция         Халық
                  Комиссариатының  заң  шығару  және  сот  ісін  бақылау  бөлімінде  басшы
                  қызметтерде  болды.  Сол  жылдарда  Республика  Юстиция  Комиссариатын
                  Нығмет  Нұрмақов  басқарғаны  тарихтан  белгілі.  Ендеше,  Қадырбаевтың
                  Нұрмақовқа  сенімді  серік  болғаны  анық.  Екеуі  үзеңгілес  жүріп,  қазақ
                  халқының  ұлттық  мүддесімен  астарласқан  заң  жобаларын  әзірлеген.
                  Қаламгер  Қ.Әлімнің  «НаркомЮст»  наркескені»  атты  мақаласында
                  Қадырбаевтың  заңгерлік  қызметі жан-жақты  зерделенеді. Аталған мақалада
                  келтірілген мына бір деректен Сейдәзімнің заңгерлік біліктілігі өз заманында
                  жоғары бағаланғанын аңғаруға болады.

                          «Алашорда»  Үкіметі  серкелерінің  бірі,  көрнекті  заңгер  Сейдәзім
                  Қадырбаев  та  –  ақтаңдағы  ашылып,  ақиқаты  айтылмаған,  ұлт  ертеңі

                  жолындағы  көшелі  еңбегі  көмескіліктен  арыла  қоймаған  көсемдеріміздің
                  бірі.    Рас,    «Алашорда»         Үкіметі     жайындағы         еңбектерде       Сейдәзім
                  Құлмағамбетұлының есімі көп тізімнің ішінде аталады да, еңбегіне кеңірек
                  шолу  жасалмайды.  Тек,  Міржақып  Дулатовтың  қызы  Гүлнәр  Дулатованың
                  «Арыстың  бірі  –  Сейдәзім»  атты  естелігінде  Қадырбаевтың  әкесі
                  Міржақыппен мүдделес, ұлт ұстазы Ахаңмен ақылдас болғандығы жайында
                  нақты  айтылады.  «…Сейдәзім  аға  1913-1918  жылдары  Орынборда  заң
                  саласында  ірі  басшылық  қызметтер  атқарды.  Ол  сондағы  «Қазақ»  газетінің
                  бас редакторы Ахмет Байтұрсыновпен аға-інідей сыйласты. Ал, менің әкем
                  Міржақыппен  екеуі  жастайынан  бірге  өскен,  бірге  оқыған,  саналы
                  ғұмырында сыйлас, мүдделес болған жандар еді. Түйдей құрдас әрі жерлес,
                  бір-бірінің  қадіріне  сондай  жетік  олар  туыстан  бетер  сыйласатын»,-деп
                  жазады асылдың сынығы Гүлнәр апай.
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136