Page 132 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 132
Негізсіз жағылған қара күйенің салдарынан басқан іздері аңдумен,
айтқан сөздері бұрмаланумен өткен «Алаш» қайраткерлерінің бірі Сейдәзім
Қадырбаев Воронежге айдалғаннан қайтып оралмады. 1937 жылы қайта
тұтқындалып, 1938 жылы 17 қазанда әйгілі «үштіктің» үкімімен тарпаң
тағдыры оққа байланды. Қадырбаевтың дәл 1938 жылы 17 қазанда атылғанын
растайтын құжат ұрпақтарының қолында. Ардақты ердің артынан ізденген
ұрпақтарына 1963 жылы 5 қыркүйекте Воронеж облысының мемлекеттік
қауіпсіздік комитетінен келген ресми хатта былай делінген:
«Сообщаем, что Кадирбаев Сейдазим Кульмагамедович 11.Х.1938 г. осужден
тр. УНКВД №13. Приговор исполнен 17.Х.1938г.». Жоғарыға шағымданудан
жалықпаған туысқандарына Қадырбаевтың ақталғандығы туралы
Воронежден сүйіншілі хабар 1966 жылы жетті.
Әдебиеттер:
Қадырбаев Сейдәзім Құлмағанбетұлы // Алаш. Алашорда:
энциклопедия. Алматы: Арыс, 2009. – Б.205
Қадырбаев Сейдәзім Құлмағанбетұлы // Алаш қозғалысы:
энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.180-181
Интернет сілтеме:
Қадырбаев Сейдәзім// https://alash.semeylib.kz/?page_id=144
Кәрім Тоқтабаев
(1890 -1958)
Тоқтабаев Кәрім Досжанұлы – қоғам қайраткері,
Алашорданың Торғай кеңесінің мүшесі. 1890 жылы бұрынғы
Торғай облысы, Торғай уезі, Шұбалаң болысында туған.
1909 жылы Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебін бітірген.
1909-1912 жылдары Тосын болыстық мектебінің мұғалімі, 1912-1919
жылдары Торғай қаласындағы медресе жанындағы орыс сыныптарының
меңгерушісі, Торғай жоғары бастауыш училищесінің математика және
физика пәндерінің окытушысы болды. Ақпан революциясынан кейін 1917-
1918 жылдары Алаш қозғалысына белсене араласып, Торғай кеңесіне