Page 137 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 137
Интернет сілтеме:
Жанқадамов Бижанғали// https://alash.semeylib.kz/?page_id=303
Тілеулин Жұмағали
(1890-1938)
Тілеулин Жұмағали – Алаш қайраткері,
аудармашы, білікті дәрігер. Ол 1890 жылы Ақмола
облысы, Көкшетау уезі, Айыртау болысы Жаманшұбар
ауылында туған. 1913 жылы Орынбор әскери мектебін
бітірген. 1913-1917 жылдары Петропавл уезінде
фельдшер болып жұмыс атқарған. 1917 жылы Омбы
қаласында Алаш партиясының Ақмола облысындағы
бөлімшесін құруға қатынасып, күрескерлігімен көзге түседі. Омбы қаласында
өткен II Жалпықазақ сиезінде Алашорда ұлттық өкіметіне мүше болып
қабылданады. Алаш өкіметі таратылғанша ұлт қайраткерлері қатарында ел
азаттығы жолында батыл күреседі. 1919-1921 жылдары Петропавл қаласында
уездік жер басқармасында, Көкшетау уезінің денсаулық сақтау бөлімінде
жұмыс істейді. 1922 жылы Петропавлдағы мұғалімдер даярлайтын
үшжылдық курсты басқарады. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы 1923 жылы оған
қазақша медициналық оқулықтар жазу міндетін жүктейді. 1924 жылы
Орынборда «Гигиена», 1926 жылы Мәскеуде «Жұқпалы аурулар», «Қотыр
және жұқпалы аурулар, оларға қарсы қолданатын шаралар», 1926 жылы
Орынборда «Денсаулық» кітаптары жарық көреді. Қазақтың алғашқы буын
аудармашыларының бірі ретінде 1924 жылы «Көз ауру – трахома» (Мәскеу),
«Мерез» (Мәскеу), 1926 жылы «Қолдағы хайуандардан адамға жұғатын
аурулар» (Мәскеу) атты кітаптарды қазақ тіліне аударады. 1927-1930
жылдары Ақмола губерниясында және Петропавл аумақтық денсаулық
сақтау округінде меңгеруші қызметін атқарады. 1930 жылы 5 маусымда
тұтқындалады. «1918-1920 жылы Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес және
өкіметке қарсы ұлтшыл үгіт-насихат жүргізді, шетелдік орталықтармен
байланыста болды» деген айып тағылады. 1932 жылы 5 жылға бас
бостандығынан айырылып, Воронеж облысына жер аударылады. 1932
жылдан бастап Қырғызстанда дәрігер болып жұмыс істейді. 1938 жылы
Қырғызстанның Новотройцк ауданында аурухана меңгерушісі болып жүрген
кезінде тұтқындалып, ОГПУ «үштігінің» шешімімен атылады.