Page 140 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 140
болады. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе
отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді.
А.Керенскийдің «Дни» және П.Милюковтың «Последние новости»
газеттерінде қызмет атқарды. 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның
редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына
атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі»)
ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман
халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі
араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын
азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылы «Яш
Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі
саясаты және 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар,
т.б.тақырыптарда зерттеу мақалаларын жазды. 1940 жылы Парижге неміс
әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде
отырып шығады. 1941 жылы Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория»
ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар
зиратына жерленді.
Францияның Ножан-сюр-Марн (Валь-де-Марн департаменті)
қаласында қазақ ұлт өкілдерінің қатысуымен ескерткіш тақта орнатылған.
Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда
қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген.
Қайраткердің туған ауылына ескерткіш қойылған.
Әдебиеттер:
Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст. Ғ.Әнес, С.Смағұлова. –
Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – Б.247-251
Бегманов Қ. Мұстафа Шоқай жолымен: кітап-альбом. – Алматы:
«Сораба» баспасы, 2013. – 466 б.
Қыдырәлі Д. Мұстафа. – Астана: «Деловой мир Астана», 2012. – 276 б.
Мұстафа Шоқай // Қазақстан тарихы. – Алматы: «Аруна» ЖШС, 2006.
– Б.585-588
Мұстафа Шоқай ешкімнің алдында кінәлі емес // Қойгелдиев М. Тарих-
күрес алаңы: мақалалар, сұхбаттар. – Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС;
«Дәстүр», 2015. – Б.313-319
Интернет сілтеме: