Page 133 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 133

мүшелікке  сайланды.  Кейіннен  кеңес  өкіметі  жағына  шығып,  1919-1921
                  жылдары Семей губерниялық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, 1921-1922
                  жылдары  Көкшетау  уезінің  азық-түлік  комиссары,  Қазақ  ОАК-нің  Қызыл
                  керуен уәкілі болып қызмет істеді. 1922-1924 жылдары Қазақ АКСР-і Халық
                  ағарту  комиссарының  орынбасары,  саяси  ағарту  жұмыстары  бас
                  басқармасының  бастығы,  1924-1925  жылдары  Қазақ  АКСР-і  Егін
                  шаруашылығы халық комиссариаты жерге орналастыру бас басқармасының
                  бастығы,  1925-1927  жылдары  Семей  губерниялық  атқару  комитетінің
                  төрағасы,  1927-1931  жылдары  Қазақ  АКСР-і  Халық  ағарту,  Егін
                  шаруашылық  комиссары  қызметтерін  атқарды.  1931-1933  жылдары  КСРО
                  БРОАК  жанындағы  Қазақстан  өкілі  (Мәскеу  қ.),  Алматы  облысындағы
                  «Дегерес» қосалқы шаруашылығының меңгерушісі болды. Алаш ісі бойынша
                  1933 жылы қазанда тұтқындалып, 1934 жылы сәуірде 5 жылға сотталды. 1934
                  жылы  мамырда  Воронеж  қаласына  жер  аудару  жазасымен  ауыстырылып,
                  1936  жылы  айдауда  қайтыс  болды.  К.Тоқтабаевтың  есімі  1958  жылы
                  қаңтарда ақталды.


                                                         Әдебиеттер:


                         Тоқтабаев  Кәрім  /  Әнес  Ғ.,  Смағұлова  С.  Алаш.Алашорда.
                  Энциклопедия. – Алматы:Арыс, 2009. – Б.305-306


                         Тоқтабаев  Кәрім  /  Тілешов  Е.,  Қамзабекұлы  Д.  Алаш  қозғалысы.  –
                  Алматы:Сардар, 2009.– б.390-391

                                                     Интернет сілтеме:


                  Тоқтабаев Кәрім// https://alash.semeylib.kz/?page_id=453






                                                    Сарбөпин Нұғыман


                                                         (1890-1918)




                                            Сарбөпин  Нұғыман  (1890,  Орал облысы,  Ілбішін  уезі,
                                     Соналы  болысы,  қазір  Қаратөбе  ауданы  –  1918)  –  Алаш
                                     қозғалысына  қатысушы,  қазақтың  арнаулы  білімді  алғашқы
                                     әскери  мамандарының  бірі.  Әкесі  Жайық  сырты  қазақтары
                                     тарихында  өзіндік  орны  бар,  Соналы  болысының  ұзақ  жыл
                                     аға  сұлтаны,  управителі  болған,  әдетте  ұрпақтарына
                  мирасқорлық         жолмен       берілетін      қазақтан      алғаш      дворян      атағын
                  иеленушілердің бірі  – Мұхамеджан Сарғожин. Патша өкіметі тарапынан өз
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138