Page 41 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 41
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2014.- 378-379 б.
20 наурыз Филолог, М.Әуезовтің шәкірті Мұратбек Бөжеевтің
туғанына 115 жыл (1910-1980)
Бөжеев Мұратбек (1910-1980 жж.) – оқытушы,
әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының
докторы, қоғам қайраткері.
Абай облысы, Шұбартау ауданының (қазіргі
Аягөз) №1 ауылында дүниеге келген. Семей педагогикалық
техникумы мен Мәскеу педагогикалық институтын
аяқтаған соң, ҚазПИ, ҚазМУ-да оқытушы, КСРО ҒА Қазақ
филиалында кіші ғылыми қызметкер, М. Әуезовтың әдеби-мемориалдық
мұражайында аға ғылыми қызметкер, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының ғылыми қызметкері болған. М. Бөжеев М. О. Әуезовтың 12
томдық шығармаларын даярлап, ғылыми түсініктеме жазуға ат салысқан.
«Құрмет Белгісі» орденімен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Әдебиеттер:
Бөжеев М. Мұхтар Әуезов : библиографиялық көрсеткіш . - Алматы :
Мектеп, 1966. - 75 б.
Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы : зерттеу . - Алматы :
Жазушы, 1971. - 110 б.
Қазақстан ғалымдары : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : А-К. -
Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - б. 414.
Шығыс Қазақстан Облысы: энциклопедия. - Алматы : Қазақ
энциклопедиясы, 2014. - б. 281.
Ермырза Ә. Қайсар ғалым: [әдебиеттанушы-ғалым Мұратбек Бөжеев
105 жаста] // Ертіс өңірі. - 2015. - 25 ақпан. - Б. 8.

