Page 42 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 42

21 науры   Жазушы, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
                                 Айгүл Кемелбаеваның туғанына 60 жыл (1965)




                                                  Қаламгер  Айгүл  Жолдасбайқызы  бұрынғы  Семей
                                      облысы, Абай ауданы Құндызды ауылында туып-өсіп, 1982
                                      жылы  қазақ  орта  мектебін  бітірген.  1984  жылы  Қазақтың
                                      мемлекеттік  университетінің  журналистика  факультетіне
                                      түсіп, оны 1987 жылы бітірді.


                                                    1983  жылы  Республикалық  балалар  мен
               жасөспірімдерге арналған байқауда 2-орынды иеленді, нәтижесінде 1986 жылы
               «Жетінші құрлыққа саяхат» атты повесі жарық көрді.


                           1989-94  жылдары  Мәскеудегі  М.  Горький  атындағы  Әдебиет
               институтының  проза  бөлімінде  оқыды.  1996  жылы    Сорос-Қазақстан-Дебют
               конкурсының  лауреаты.  1998  жылы  Жастар  және  Журналистер  Одағының
               Б.Бұлқышев атындағы сыйлығын иеленді.


                           2000 жылы  Жастардың  Мемлекеттік  «Дарын»  сыйлығының  иегері
               болды. 2002-2003 жылдары Қазіргі заманғы Қазақстан романы аталған Сорос-
               Қазақстан қоры ұйымдастырған  конкурс  жүлдесі. 2003 жылы «дала мен қала»
               апталық  газеті  жарияланған  «Қаланың  қысқа  әңгімесі»  атты  бәйгенің  бірінші
               жүлдесі, 2006 жылы Меценат Медғат Құлжанов қорының «Абай және ислам»
               әдеби  конкурсының ІІІ сыйлығы, 2006 жылы «Баянауыл алтын белгісі» медалі,
               Павлодар  облысы  Баянауыл  ауданы  әкімдігінің  әдеби  сыйлығы,  2007  жылы
               Республикалық  «Абай  әлемі»  конкурсының  І  жүлдесі,  2008  жылы  Махмұт
               Қашқари  конкурсының  ІІ  жүлдесі,  2012  жылы  Қызылорда  облыстық  драма
               театра  жариялаған  республикалық  конкурстың  «Бұқарбай  батыр»  жүлдесінің
               иегері болды.

                           2001  жылы  қараша  айында  өткен  жас-ақын    жазушылардың
               республикалық  кеңесінде  жазушы  Д.Әшімханұлы  былай  деген  еді:  «Айгүл
               Кемелбаева        әдебиетке      1980-жылдарда         келді.     Баспасөзде       жаряланған
               шығармаларымен-ақ  Айгүл  көпшілікке  кең  танылған  және  сирек  кездесетін
               талант  ретінде  бағаланған  жазушы.  Қазақ  әдебиеті  газетінде  «Қоңыр  қаз»,
               «Ғибадат» атты екі әнгімесі қандай жазушы екендігін танытты.


                           Тәуелсіздіктің  он  жылдығы  қарсаңында  Қазақстан  Республикасы
               Премъер-Министрінің            орынбасары        И.Тасмағамбетовтың           басшылығымен
               Айгүлдің «Тобылғысай» атты кітабы жарық көрді.


                           Қазақстан  Журналистер  Одағы  мен  Қазақстан  Жастар  Одағының
               Б.Бұлқышев  атындағы  сыйлығының  және  Дарын  Мемлекеттік  Жастар
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47