Page 45 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 45
1905 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі мерзімді басылым қорлары
жинақталған. Олардың ішінде ертедегі «Известия» (1918), «Воля народа»
(1917), «Сибирская речь (1917), «Трудовое знамя» (1918) газеттерінің даналары
осы орталықта сақталған.
1997 жылдың маусымынан облыстың тарауына байланысты «Жаңа
тарих құжаттар орталығы» болып қайта құрылды. Архив негізінде «Семейге –
250 жыл», «Семей қаласының тарихынан» (285 жыл), «Ертіс өңірі Ұлы Отан
соғысы жылдарында», «Семей облысының мемлекеттік архиві», «Боздақтар»,
«Полигон», «Қаламыздың көшелері», «Ақтаңдақтар» тағы басқа құжаттар
жарыққа шықты.
Әдебиеттер:
Гусева А. Ардагер сыр шертеді: (архивке – 70 жыл) // Семей таңы. -
1990. - 28 наурыз.
Досаев Т. Семей мемлекеттік архивке – 75 жыл // Семей таңы. - 1995. -
28 наурыз.
Түсінбаева Т. Мемлекеттік архив қызмет көрсетеді // Семей таңы. -
1993. - 6 сәуір.
30 наурыз Айтыскер ақын Дәмеш Омарбаеваның
туғанына 75 жыл (1950)
Айтыскер ақын Дәмеш Серікбайқызы
Омарбаева Абай облысының Тарбағатай ауданы
Қамысты ауылында 1950 жылы 27 наурызда дүниеге
келді. Семейдің Н.К.Крупская атындағы мұғалімдер
институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетің
бітірген. Болашақ айтыскер өзінің қабілетін
жастайынан-ақ байқаған. Бұған ықпал еткен қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Қанипа Бітібаева еді.
20 жыл Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылында
Тұрлықан Хасенұлы атындағы орта мектепте
мұғалімдік қызмет атқарған.
1985 жылдан бері Семей өңірінде айтыс өнерінің дамуына атсалысып
жүрген ақынның биікке жеткен жетістіктері аз емес. 1985-1987 жылдары
Алматыда өткен республикалық айтыстардың 1-орын иегері, 1989 жылы
облыстық «Наурыз» айтысында 1-орын, Өскеменде өткен Сәрсен

