Page 46 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 46

Аманжоловтың туғанына 90 жылдығына арналған республикалық айтыстың бас
               жүлдегері болды.


                           1990  жылы  Алматыда  өткен  3-  республикалық  Наурыз  айтысында,
               Жаркентте өткен аймақтық айтыста 1-орын жеңіп алды. 1991 жылы Қабанбай
               батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыста 2-орын алды.


                           1993 жылы Алматыда Ұлы үш биге арналған айтыста арнайы жүлдеге
               ие  болып,  1995  жылы  Абайдың  150  жылдық  мерейтойына  арналған  айтыста
               жүлдегер атанды.

                           1996 жылы Семей қаласында «Халықтық» ақындар орталығын ашты.


                           Республикамызға  танымал  айтыс  ақыны,  талай-талай  дүбірлі
               айтыстарға қатысып, намысты қолдан бермеген  Сара апамыздың жолын қуған
               санаулы  саңлақтарымыздың  бірі.  Жас  талапкердің  бойынан  жылт  еткен
               жақсылықты  көрсе  болды,  соңынан  шырақ  алып  жүріп  іздеп,  таптырып,
               болашағына бағыт-бағдар беріп, жол нұсқап жүретін ақынымыз бүгінде «Айтыс
               және  жазба  ақындары  орталығының»  жетекшісі,  қалалық  Мәдениет
               орталығында тәлімгер ұстаз болып қызмет атқаруда.


                           Дәметкен    Омарбаеваның    шәкірттері  бүгінгі  күні  Қазақстанға
               танымал. Олар: Ринат Зайытов, Сара Тоқтамысова, Қарлығаш Әубәкірова, Әсем
               Жұмағазина, Дина  Базылова, Нұржан Өмірбаев,  Жалғас  Зейнуллаев,  Жасұлан
               Тәжиевтер.


                           Республикамызда  ақындық өнер мен мәдениетті  өркендетуге қосқан
               зор  үлесі  үшін  Д.  Омарбаеваға  2006  жылы    Қазақстан  Республикасының
               Мәдениет  қайраткері  атағы  берілді.    2007  жылы  Республикалық  «Аламан»
               айтысында  «Ең  үздік  бапкер-ұстаз»  атағын  жеңіп  алды.  ҚР  Білім
               министрлігінің          грамотасымен           марапатталып           (2004),       Президент
               Н.Ә.Назарбаевтың  алғыс  хатына  (2002)  ие  болды.  2011  жылы  Президентіміз
               Н.Назарбаевтың қолы қойылған «Бірлік» алтын медалін алды.





                                                        Әдебиеттер:

                           Омарбаева Д. Шығыс мінезі // Семей таңы. - 2011. - 22 наурыз. - Б. 3.


                           Омарбаева  Д.  Ақындар  орталығынан  120  ақын  түлеттім  //  Дидар.  -
               2014. - 10 шілде. - Б. 8.


                           Омарбаева Д. Поэзия шырағы: [ақын Ф.Оңғарсыноваға арналған өлең]
               // Дидар. - 2014. - 3 ақпан. - Б. 5.
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51