Page 44 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 44
29 наурыз Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының
ұйымдастырылғанына 105 жыл (1920)
Архив – тарихи маңызы бар құжаттар
сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме. Мекемелердің
ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның
өмірі мен қызметіне байланысты жәдігерлер жиынтығы
архивте сақталады.
1920 жылы 29 наурызында Семей губерниялық
ревкомының аса бағалы құжаттарын сақтайтын мекеме –
Семей губерниялық архив қоры болды. Жиырма жылдан аса уақыт жүйелі
жұмыстар жүргізіп келген, Мәскеу университетінің түлегі, саяси көзқарасы
үшін жер аударылып келген Н.Я. Коншин деген зиялы азамат ең алғаш осы
мекемені басқарды. Ол өлкеміздің тарихын өте жақсы білді және Батыс-Сібір
Географиялық қоғамының мүшесі, өлкетануға байланысты көптеген еңбектер
жазған. Қысқа уақыттың ішінде 10 мыңдай бағалы тарихи материалдар
жинақталды. 1925 жылы Губархивте 305 қор, оның ішінде 196-сы революцияға
дейінгі және 109-ы советтік кезеңдегі қорлар болды.
Семей облыстық мемлекеттік архиві өзінің тамаша бай қоры арқылы
Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының жеке архив болып
құрылуына жағдай жасауда базалық орталық болды.
Осы кезеңдерге дейін Семей өңірінің социализмді құру және кеңестік
дәуір кезіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы барлық деректер мен
құжаттар Семейдің жаңа тарих құжаттамасы орталығының қорынан табылды.
1992 жылы облыстық архивтің (ГАСО) қоры сол кездегі партиялық
архивтің құжаттарымен толығып, 191 130 бірлікке дейін өсті.
Семейдің жаңа тарих құжаттамасы орталығының қоры тарихи
құжаттар мен деректерге өте бай, онда Азаматтық соғыстың және Ұлы Отан
соғысы ардагерлерінің, Совет Одағы батырлары Н.И.Силин, А. Ибраев,
Социалистің Еңбек Ері –жұмысшы М.Бейсембаев, дәрігер Р.Нұржанова,
жазушылар М.Сәрсеке, Д.Черепанов, Қазақстанның Халық артисі К.Сәкиева
тағы басқа Семей өңірінің атақты адамдары туралы деректерімен бағалы.
Жаңа тарих құжаттамасы орталығының құнды дерекнамаларының
ішінде Семей өңірінің өткен өмірі туралы суреттер, кино және суретқұжаттар
айырықша орын алады. Жазушы М.Әуезовтің сөйлеген сөзі, Совет Одағының
батыры, ұшқыш-космонавт Г.С.Титов, Семей ядролық аймағы туралы дыбысты
видеосюжеттер сақталған.

