Page 50 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 50

жөніндегі  жұмысшы  табы  құрамына  енді.  1996  жылы  БҰҰ  Комиссиясының
               наркобизнеспен  күрес  мәселелері  жөніндегі  39-сессиясындағы  ҚР  Үкіметі
               делегациясын  басқарды.  (Австрия,  Вена  қалалары)  «Ортақ  ақпарат  кеңістігі
               туралы»  ҚР  заңы  авторларының  бірі.  «Генералдар  кеңесі»    Республикалық
               қоғамдық  ұйымының  төралқа  төрағасы.  «Парасат»,  «Қауымдастық  жұлдызы»
               ордендерімен, КСРО, ҚР және Ресейдің 24 медалімен марапатталған.




                                                        Әдебиеттер:


                           Шығыс  Қазақстан  облысы.  Энциклопедия.  -  Алматы:  «Қазақ
               энциклопедиясы», 2014. - 427 б.


                           Шығыс  жұлдыздары  Т.1:  Сөз  зергерлері.  Мәдениет  майталмандары:
               энциклопедиялық анықтамалық.  - Астана: Фолиант, 2011. – 125-126 б.




                               9 мамыр   Тарихшы, драматург, әдебиет зерттеуші
                            Мұсатай Ақынжановтың туғанына 120 жыл (1905-1986)


                                                  1905  жылы  Шығыс  Қазақстан  облысы  Абай
                                       ауданының Қарауыл ауылында туған.


                                                  1925  жылы  Семей  педтехникумын  тәмамдап,
                                       баспасөз  саласында,  комсомол  және  партия  ұйымдарында
                                       қызмет  істеген.  1929  жылы  Орынбор  халық  ағарту
                                       институтын,  1939  жылы  Қазақ  Марксизм-ленинизм
                                       мектебін  бітірген.  1939-1942  жылдары  Қазақстан  ОК
                                       жанындағы  Марксизм-ленинизм  директоры,  1946-1977
                                       жылдары  ҚазМу-дің  доценті,  кафедра  меңгерушісі,  тарих
               факультетінің деканы қызметтерін атқарған.


                           Белгілі  тарихшы,  профессор  М.  Ақынжанов  «Еңбекшіл  жас»    газет
               бетін ұйымдастырушылардың бірі болды. «Семей таңы» - «Қазақ тіл» -тұңғыш
               Советтік  қазақ  баспасөзі»  атты  қолжазбасында  газет  басқармасында  орнықты
               қызмет істеген негізгі қызметкердің бірі саналатын едім, газет маған зор сенім
               білдіріп  комсомол-жастар  бөлімін  басқартты.  Сол  бөлім  біз  «Қазақ  тілі»
               газетінің    4-бетінен  енші  алып, өз  алдымызға  жеке  «Еңбекшіл  жас»  атты  бет
               ұйымдастырдық.  Оның  редакторы  Сақи  Бейсебаев  пен  мен  болдым  деп  еске
               алады.

                           Драматург,  әдебиет  зерттеушісі  Мұсатай  Акынжановтың  алғашқы
               әңгімелер  жинағы  «Садыр  мен  Садық»  деген  атпен  1931  жылы  жарық  көрді.
               Коллективтендіру,  тарихи,  заман  тақырыбына  байланысты  20-дан  астам
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55