Page 49 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 49
Әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2014.- 480 б.
Шығыс жұлдыздары Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. – 88-89 б.
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер
Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна
Ltd.» ЖШС, 2010 жыл
5 мамыр Қоғам қайраткері, заңгер Рүстем Қайдаровтың
туғанына 85 жыл (1940)
1940 жылы 18 мамырда бұрынғы Семей
облысы Бесқарағай ауданының Сосновка ауылында
дүниеге келген. 1970 жылы ҚазМУ-дің заң факультетін
бітірген.
1966 жылдан Семей және Жезқазған
облыстары ішкі істер бөлімдерінің жедел
басқарушылық қызметтерінде істеді.
1992 жылдан ҚР Ішкі істер министрінің
орынбасары, 1995 жылдан Қазақстан Республикасы
МТК төрағасының бірінші орынбасары болды.
1996 жылдан МТК Жоғарғы тергеушілік мектебінде және Қазақ
мемлекеттік заң университетінде кафедраларды басқарды.
1997 жылдан Республикалық қылмысқа және құқық бұзушылыққа
қарсы күресті қолдау қорының президенті болған.
1999 жылдан қазіргі уақытта дейін «Қорғау»жинақтаушы зейнетақы
қоры АҚ президенті.
Қазақ КСР, ҚР заңдық актілерін және ТМД Парламентарлық Ассамблеясында
(Сант-Петербург) Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық– ағартушылық
кодекстерді жасап шығаруға қатысқан. 1999-2009 жылдары «Қорғау»
зейнеткерлік жинақтау қоры АҚ басқармасының төрағасы, президенті. 30-дан
астам ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының авторы. ҚР Парламентінің
ТМД Парламентаралық ассамблеясындағы үлгілік кодекстерді әзірлеу

