Page 48 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 48

Шығыс  Қазақстан  облысы.  Энциклопедия.-  Алматы:  «Қазақ
               энциклопедиясы», 2014. - 242 б.




                   14 сәуір   Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын
                               Ғабиден Құлахметтің туғанына 70 жыл (1955-2006)





                                                   1955  жылы  14  сәуірде   Шығыс  Қазақстан
                                       облысы, Аягөз ауданы, Шолпан ауылында дүниеге келген.
                                       Қазақ                                                     мемлекеттік
                                       университетінің журналистика факультетін                        (1976),
                                        Мәскеудегі  М.Горький атындағы Әдебиет  институтының
                                       Жоғары курсын бітірген (1989). Еңбек жолын 1976 жылы
                                       «Жалын» баспасында редактор болып бастаған. 1987 жылға
               дейін   Қазақ  КСР баспа, полиграфия және  кітап  саудасы  істері  жөніндегі
               мемлекеттік комитетінде, Қазақ теледидарында жауапты қызметтер атқарған.


                           1989 жылы Алматы қалалық кеңесіне депутат болып сайланды. 1990 -
               1992  жылдары  Қазақстан  Жазушылар  одағында,  Алматы  қалалық «Қазақ
               тілі» қоғамында, әл-Фараби           атындағы        ҚазМҰУ-дың           «Қазақ       әдебиеті
               тарихы» кафедрасының            ғылыми        тобында       жұмыс       істейді.    1990-1995
               жылдары «Қазақ           жастары        және      бизнес» бейресми          орталығында Бас
               үйлестіруші болып қоғамдық қызмет атқарады. 1996 - 2001 жылдары Қазақстан
               Жазушылар  одағы  басқармасы  төрағасының  орынбасары  болды.  Алғашқы
               өлеңдері 1966 жылдан республикалық баспасөз беттерінде, топтамалары «Жыл
               он екі ай» (1969), «Көктем тынысы» (1975) жинақтарында жарияланған.

                           1979  жылы  Мәскеу  қаласында  өткен  жас ақын-жазушылардың
               Бүкілодақтық               VII           кеңесіне             қатысқан.              «Көзімнің
               қарасы» (1978), «Ақбастау» (1980) жыр                   жинақтары мен «Үйірі                жоқ
               көкжал» романы           (2001), «Көл        түбіне       кеткен       ел» (1989), «Ұрпағың
               үзілмесін» (1991), «Ердің          сыны» (1994), «Серінің           соңғы      сәлемі» (1998)

               хикаяларының  авторы.  Шығармалары  орыс,    поляк,  моңғол,  шешен,  украин,
               белорусь  тілдерінде  жарық  көрген.  Республикалық  «Жалын»  баспасы
               ұйымдастырған  жабық  бәйгенің  екі  дүркін  жүлдегері.    Халықаралық  «Алаш»
               әдеби сыйлығының лауреты.

                            Ақын 2006 жылы қайтыс болды.
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53