Page 52 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 52
1 маусым Ғалым, әдебиетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Рымғали Нұрғалидың туғанына 85 жыл (1940-2010)
Жазушы Рымғали Нұрғалиевтің туған жері - Абай
ауданы, Қайнар селосы. Орта мектепті бітіргеннен кейін
КазПи-дің филология факультетіне түсіп, оны 1963 жылы
бітіріп шығады. Одан әрі оқуын жалғастыру мақсатында
аспирантураны 1957 жылы, докторантурасын 1972 жылы
бітіріп шығады.
1962 - 64 жылдары «Лениншіл жас» газетінде, 1966-68
жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында, 1968-85 жылдары КазГУ-де
ұстаздық қызметтер атқарды. Одан кейінгі уақытта Қазақ Совет
энциклопедиясының бас редакторы болды.
Р.Нұрғалиев - қазіргі ғалым-сыншыларының айдынды легінде өзінің
шығармашылық жетістіктерімен мәлім.
Әдебиет зерттеуші, сыншы, жазушы, филология ғылымының докторы,
профессор. ҚР-сы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі.
«Талант тағдыры», «Қазақ драматургиясы», «Өнердің эстетикалық нысанасы»
т.б. зерттеу еңбектері, «Дән», «Ай қанатты арғымақ» прозалық кітаптары жарық
көрді. «Дән» деген кітабында тың өміріне арналған деректі новеллалары
енгізілген.
Қазақ әдебетінің дамуы мен қалыптасуына өзіндік үлесін қосқан көрнекті
ғалым 30-дан аса ғылыми және көркем әдебиеттердің, 250-ге жуық ғылыми
еңбектердің авторы.
Қазақ драматургиясын дамытуда жан-жақты зерттеуді мұрат тұтатын
монографиялар жазды. Жазушы абайтану мәселесімен де айналысып,
«М.Әуезов шығармаларындағы Абай өмірі», «Ынтымақ игілігі» тақырыбында ,
онда Абайдың казақ әдебиетінде салған жолдары, тақырыптың жаңалықтары
сөз болады. Абай бейнесін сомдаған Әуезовтің шеберлігін көрсетеді. «Трагедия
табиғаты», «Өнер алды - қызыл тіл», «Өнердің эстетикалық нысаны», «Айдын».
«Қазақ драматургиясының жанр жүйесі», «Әуезов және Алаш» атты
монографиялық еңбектерінде Абай мен Әуезовтің шығармашылық мұраттарын,
эстетикалық толғамдарын, ерекшеліктерін салыстырады.
Ол А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтар
туралы ғылыми еңбектерін жазды. Қазақ прозасында Ғ.Мүсірепов,
І.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Тарази т.б. туындылары жан-жақты зерттелді.

