Page 53 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 53

Р.Нұрғалиевтың  ғалымдық  келбетіне  тән  қасиет  -  жүйелі  білім  мен
                  айрықша тіл байлығы, стиль сұлулығы, әдеби материалға еніп, қаһарман, тартыс
                  сырларын психологиялық тереңдікпен талдай ашады.


                        «Айдын» атты монографиясында  зерттеуші  ұлттық  драматургиямыздың
                  хал-ахуалы,      идеялық       көркемдік      арналары       толық      қамтылады.       Бұл
                  монографиядағы  негізгі  арқау  болып  отырған  -  қазақ  әдебиетінің  хас  шебері
                  М.Әуезовтің жауһар мұралары.


                        Жазушы  қазақ  драматургиясы  мәселелерін  қарастырған  «Айдын»,
                  «Телағыс»,  «Қазақ  революциялық  поэзиясы»  атты  әдеби-сын  трилогиясы  үшін
                  ҚР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

                        Р.Нұрғалиев        ұзақ     жылдар       бойы     басшылық        жасаған      ұлттық
                  энциклопедиямыздың  жаңа  биіктерге  көтерілуі,    жеке  облыстар,    қалалар
                  жайлы  энциклопедиялар  шоғыры  оның  ойы  мен  қиялының  тікелей  жемісі.
                  Ғалымның         басшылығымен          8    томдық       «Қазақ      ССР-нің       қысқаша
                  энциклопедиясы»,  3  томдық  «Балалар  энциклопедиясы»,  «Қазақстанның
                  тарихи және мәдени ескерткіштері» жайлы еңбектері шықты. Ұзақ жылғы

                  шығармашылық ізденістердің алып қорытындысындай болып өмірге «Абай»
                  энциклопедиясының келуіне де орасан еңбек сіңірді.

                      Белгілі ғалым, әдебиетші, филология ғылымдарының докторы, профессор,
                  академик,  Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері  Рымғали  Нұрғалиұлы  Нұрғалиев
                  2010 жылы 16 ақпанда қайтпас сапарға аттанды.


                                                         Әдебиеттер:


                         Еспенбетов  А.  (филол.  ғыл.  д-ры,  проф.).  //  Семей  таңы.  -  2010.  -  15
              сәуір. - Б. 3_


                         Еспенбетов  А.  (филол.ғ.д.,  проф.).  Ай  қанатты  арғымақ:  Рымғали
              Нұрғалиевтің туғанына 70 жыл  // Семей таңы. - 2010. - 3 маусым. -  Б. 10_


                         Күмісбаев Ө.  Алаштың алтын сақасы // Ана тілі. - 2012. - 1-7 қараша. -
              Б. 9

                         Қалижан Уәлихан (ф.ғ.д., жазушы) // Ақиқат. - 2010. - № 5. - Б. 35-38


                         Қасымжанұлы С. Ай  қанатты  арыс  ұлы  =  Нартұлға:  абыралысымен
              асқақтайды // Семей таңы. - 2011. - 16 ақпан. - Б. 3


                         Қасым А. Туған жерін естен әсте шығармаушы еді // Дидар. - 2011. - 17
              наурыз. - Б. 7_

                  Нұрғалиев Р. [академик өмірден озды.] // Семей таңы. - 2010. - 18 ақпан. -  Б.
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58