Page 96 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 96

Төлеуов С.   «Ауыл ахуалы оңалары сөзсіз» // Семей таңы. – 1999. - 16
              қыркүйек. – Б.10




                                   «Мұрагер»  тігін фабрикасына - 85 жыл  (1940)





                         Іргетасы  1840  жылы  қаланған  қала  орталығындағы  көне  ғимаратқа
                  орналасқан  фабрика  1969  жылдан  бері  үздіксіз  істеп  келе  жатқан
                  Республикаға  әйгілі  өндіріс  орны  болатын.  Фабриканың  жалпы  жер  көлемі
                  7500 шаршы метр, ал мұның тікелей өндіріске қатыстысы 3800 шаршы метр.
                  Фабрикада  2000  жылы  сегіз  цехты  іске  қосуға  қол  жетті,  яғни  жаңадан
                  сұраптау,  жуу,  кептіру,  тарау  және  мамық  цехтары  дүниеге  келді.
                         Фабриканың  басты  девизі  –  сапа  үшін  күрес.  Өйткені  өндірген  өнім
                  тұтынушы көнілінен шығу үшін әрі сапалы, әрі бағасы да әлеуметтің қалтасы
                  көтеретіндей болуы керек.


                         Бүгінгі  таңда  «Мұрагер»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінде
                  өнімнің  200-ге  тарта  түрі  шығарылады.  Оның  ішінде  үлкен  сұранысқа  ие
                  болып  отырғаны  төсек-орын  жабдықтары,  сырылған  көрпелер,  матрац,
                  жастықтар  әртүрлі  мамандық  иелеріне  арналған  арнаулы  киімдер.  Соңғы
                  жылдары  жыл  сайын  тендерде  жеңіске  жетіп  жүрген  «Мұрагер»  Шығыс
                  Қазақстан, Павлодар облыстары әлеуметтік қамсыздандыру, білім, денсаулық
                  сақтау департаментінің арнайы заказдарын орындап келеді. Сонымен қатар,
                  арнаулы  киім  үлгілерінің  түрлеріне  кәсіпорындардан  да  сұраныстар  түсіп
                  отырады.

                         Фабрикаға    қажетті  шикізат  көзі  –  биязы  қой  жүні  шаруа
                  қожалықтарынан  сатып  алынады.  Жүн  әуелі  қатан  сұрыптаудан  өткен  соң,
                  жуу  цехына  жіберіледі.  Кірінен,  шайырынан  тазарған  жүн  арнайы  тұту
                  машинасынан өткенде, аппақ үлпілдеген мамыққа айналады және ешқандай
                  иіс-қоңысы болмайды. Түту станогы кіршіксіз таза, сапалы, жүн берсе, ескі-
                  құсқының  өзінен  де  мұнда  ешқандай  қалдық  қалмайды,  оны  да  арнайы
                  өңдейтін станок бар.


                         Бүгінде «Мұрагер» өнімдері Қазақстаннан тыс жерлерге де танымал.





                                                         Әдебиеттер:
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101