Page 97 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 97

Ахметбекова А. Мұрагерліктердің мұраты зор // Семей таңы. - 2003. -
              21 наурыз.- 6 б.


                         Мұхамедова Р. Өнім әлемдік стандартқа сай болуы керек // Семей таңы.
              - 2005. - 21 қазан. – Б.3







                   Семей аймағындағы баспасөз және кітап шығару   мұражайына  25 жыл
                                                             (2000)





                                                Мұражай  -  Семей  полиграфиясының  150  жылдық
                                         мерейтойына  орай  2000  жылдың  22  қыркүйегінде
                                         ашылған.  1854  жылдың  1  қазанында  Семей  облысы
                                         дүниеге  келді.  Осы  кезден  бастап  Семейде  құрылыс
                                         орындары  қарыштап  дами  бастады.  1868  жылы  үш
                  қабатты  облыстық  басқарма  ғимаратының  құрылысы  аяқталып,    оған
                  мемлекеттік баспахана орналасты.


                  Мұражай экспозициясы Семей аймағындағы 1850 жылы Семей көпестерінің
                  күш-жігері арқасында құрылған қалалық баспахана тарихымен таныстырады.

                         Музей  экспозициясының  бірінші  бөлімінде  Семейдің  ХІХ  және  ХХ
                  ғасырдағы  ғимараттары  мен  көшелері  туралы  мәліметтер  орналасқан.
                  Экспозицияда  сол  кездегі  ХІХ  ғасырдағы  әріп  теру  столы,  шрифтер,
                  штамптар, баспа және шрифтердің әртүрлі өнімдері  мен өнімдерінің үлгілері
                  қойылған.  «Публикация  по  Семипалатинской  области»  тұңғыш  мерзімді

                  басылымы  1869  жылдың  3  қаңтарында  жарық  көрген.  1871  -  1919  жылдар
                  аралығында  «Семипалатинские  областные  ведомости»  басылымы  тұрақты
                  шығып тұрды.

                         Бірінші басылымдардың көшірмесі және олардың барлық жылдардағы
                  баспаханада  шығуымен  мұражайдың  «Периодика»  (Мерзімді  баспасөз)
                  бөлімінде танысуға болады.


                         Полиграфия  жабдықтарының  ішінде  қызықтыратындары  –  сирек
                  кезедесетін  қондырғы  –  қолмен  қағаз  кесетін  машина,  тигелдьді  баспа
                  станогы.  300  жылдық  мерзімде  ешбір  өзгеріске  ұшырамаған  линотип  –
                  механикалық жол  құю машинасы қолмен әріп терушілердің қиын жұмысын
                  жеңілдететін  компьютер  дәуіріне  дейін  газеттерді  жеделдетіп  шығаруға  өз
                  үлесін  қосып  келді.  Кез  келген  кәсіпорынның  даңқын  арттырып,
                  мақтанышына  айналатын    кәсіби  қызметкерлер.  Полиграфистерге  арналған
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102