Page 14 - Календарь - 2026 год Семей
P. 14
– өмірімнің мазмұны”- деп ағынан жарылады. Бүкіл өмірін әнге арнаған әнші,
еңбек ардагері республикамыздың түкпір-түкпірінде болды. Ауыл еңбекшілерінің
алдында құйқылжыта алуан тілде ән салып көрермен ризашылығына бөленді.
Розаның ұзақ жылғы еңбегі бағаланып, ауыл еңбекшілеріне мәдени қызмет
көрсетудің үздігі, тыңның 10 жылдық медалімен, Мәдениет министрлігінің грамотасымен
және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Әдебиеттер:
Ахметжанов А. Өмірін әнге арнаған // Семей таңы. - 1991. - 3 қазан. – Б.4
Қашағанов Е., Есболатова М. Сыр сандықты ашып қара. -Алматы: Санат, 1998. - 288 6.
Наурызбаева Р. Еліне есеп берді: (ҚР-ның Мәдениет қайраткері Роза Байдалинаға
75 жас) // Ертіс өңірі. - 2010. - 6 қаңтар. – Б.13
Шығыс жұлдыздары Т.1. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. – Б.202
29 ақпан Ғалым, ректор Сыдықов Ерлан Бәтташұлының
туғанына 70 жыл (1956)
Ерлан Бәтташұлы Сыдықов – тарих ғылымдарының
докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру
ғылымдары академиясының академигі.1956 жылдың 29
ақпанында Семей қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің ректоры. Орта білімді Абай
ауданындағы Қарауыл ауылында Абай атындағы мектептен алған
(1973 жылы тәмамдаған). С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің Тарих факультетін 1978 жылы «Тарих»
мамандығы бойынша «Тарихшы, тарих және қоғамтану
оқытушысы» біліктілігімен тәмамдаған. 1981 жылдың
қыркүйегінен ҚазМУ-дің аспирантурасында білім алған, 1984 жылдың ақпанында
диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды. 1999 жылдың
15 қазанында «Қазақстан Ресей Федерациясының құрамында (1917 – 1937 жж.)»
тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. ҚР ЖАК шешімімен 2001 жылдың
25 қазанында профессор ғылыми атағы берілді. 2003 жылы Халықаралық педагогикалық
білім беру ғылымдары академиясының академигі 2005 жылы Ы.Алтынсарин атындағы
Қазақ білім беру академиясының акдемигі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары
академиясының академигі болып тағайындалған. Еңбек жолын Семей қаласында 1978
жылы Семей ет және сүт өндірісі технологиялық институтында Қоғамдық ғылымдар
кафедрасында тағылымдамадан өтуші-зерттеуші қызметінен бастаған. 1984 жылдың
қыркүйегінен 1996 жылдың қаңтарына дейін Семей ет және сүт өндірісі технологиялық
институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, факультет деканының орынбасары,
кафедра меңгерушісі, профессор, проректор қызметтерін атқарған. 1996 жылдың
шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының мемлекеттік қызмет және
кадрмен жұмыс бөлімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған. 1997 жылдың маусымында
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
2004 жылдың сәуірінде қайта құрылған Семей мемлекеттік педагогикалық институтының
ректоры болып тағайындалған. 2008 жылдың шілдесінен 2011 жылдың 26 шілдесіне дейін
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарған. 2011

