Page 100 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 100
21 қыркүйек Серікқазы Бекбосыновтың туғанына 100 жыл
(1925-1979)
Серікқазы Бекбосынов 1925 жылы 21 қыркүйекте
Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай
ауданы Қызыл-Орда селосында дүниеге келген. Орталау
мектепті бітірген. Совхозда жұмыс істеген. 1943 жылы Қызыл
Армия қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына 1943
жыдың ақпан айынан қатысқан. Әуе-десант бөлімшесінде
оқығаннан кейін комсомолец Бекбосынов - 99-гвардиялық
атқыштар дивизиясының 330- гвардиялық атқыштар
полкының атқышы, гвардия қызыләскері атанды.
1944 жылдың маусымының басында 37-гвардиялық атқыштар корпусы
құрамында Карель майданына келді. Карелия майданының Свирь-
Петрозаводск операциясы 1944 жылы 21 маусымда 7- армияның Свирь
өзеніне шабуыл жасауымен басталды. Үш сағатқа созылған авиациялық
және артиллериялық әзірліктен кейін, 37- гвардиялық атқыштар корпусының
16 комсомол-гвардияшылары (99-гвардиялық атқыштар дивизиясының 300-
гвардиялық атқыштар полкының 12 жауынгері және 98-гвардиялық
атқыштар дивизиясының 296-гвардиялық атқыштар полкының) 4 жауынгері
бірінші болып өзеннен өтті. Сағат онбірде он алты жауынгер алдын ала совет
жауынгерлерінің формасымен әзірленген тұлып-қарақшылар орнатылған
салдар мен қайықтарға ұмтылды. Жауынгер-гвардияшылар өз салдары мен
қайықтарын қарсы жағалауға қарай итермеледі. Бұл өзеннен өтудің жалған
көрінісі еді, ондағы мақсат – жаудың отты нүктелерін анықтап, жою.
Гвардияшылардың үздік әскери дайындығы олардың әскери тапсыманы сәтті
орындауына көмегін тигізді: барлық қайықтар мен салдар өзен ортасына
жетпей жау артиллериясының оғынан жойылып кетті. Бекбосынов және
оның достары жау жағындағы жағалауға жүзіп өтті, ешкім де жараланған
жоқ...
Жағалауға шыққаннан кейін Бекбосынов шұңқырдың бірінен орын тепті.
Көп кешікпей оған басқа гвардияшылар қосылды. Бекбосынов пен Юносов
біраз барлаудан кейін жағалау траншеясына жетіп, қарсыласқан фашистерге
граната мен автомат оғын жаудырды. Гвардияшылар алдында тұрған әскери
тапсырма сәтті орындалды. Өзіне жау оғын қабылдаған батыл да ержүрек
жауынгерлер ерлігі, жаудың отты нүктелерін жоюға көмегін тигізді. Соның
арқасында біздің шабуылдаушы топтар Свирьді тез арада басып алды.

