Page 99 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 99
соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі. Қазақ баласы
мектептен кейін Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. Соғыс
басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды. Кеңес
әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне
жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17-танкіге
қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған.
Махмет Қайырбаев 18 жасында Александр Невский орденінің иегері
атанды. 1944 жылдың 19 тамызында Литвадағы Шяуляй қаласының батыс
жағында болған ұрыста жау әскері танкімен шабуылға шығып, Кеңес әскері
қорғанысын бұза жарып, Шяуляй қаласына кіруге ұмтылды. Өзінің 15
жауынгерімен қоршауда қалып, шайқасып жатқан полк батареяларының
біріне көмекке келіп, іскерлігімен жауынгерлер жаудың 7 шабуылына
тойтарыс беріп, бір батальон әскерін жойды. Кескілескен осы шайқаста
ержүрек Қайырбаев бастаған жауынгерлер Шяуляй қаласына өтер жолды
жапты.
Махмет Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО
Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді (24.3.1945). Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия
қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту
орденімен және медальдармен марапатталды.
1996 жылы Павлодар қаласында дүниеден өтті.
Әдебиеттер:
Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2011
Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70
жылдығына арналған библиографиялық құрал. - Семей, 2015. – Б.23-24
Совет Одағының Қазақстандық Батырлары. Т1 .- Алматы, 1969

