Page 101 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 101

1944  жылы  21  шілдеде  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Жарлығымен  неміс-
                  фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік
                  пен  батырлықтың  үлгісін  көрсеткен  гвардия  қызыл  әскері    Бекбосынов
                  Серікқазыға  Кеңес  Одағының  батыры  атағы  берілді,  Ленин  ордені  және
                  "Қызыл  Жұлдыз"  медалімен  (№  4094)  марапатталды.  С.  Бекбосынов  Кеңес
                  Одағының        Батыры,       7-Карелия       майданы,       99-гвардиялық        атқыштар
                  дивизиясының  330-гвардиялық  атқыштар  полкының  атқышы,  гвардия
                  қызыләскері. С.Бекбосынов 37- гвардиялық корпус құрамында Чехословакия,
                  Венгрия,  Австрияны  жаудан  азат  етуге  қатысты.  1947  жылы  ержүрек
                  жауынгер  аға  сержант  атағымен  запасқа  шықты.  Ол  Шығыс  Қазақстан
                  облысы,  Ұлан  ауданы,  Жоғары  Тайнты  селосында  өмір  сүріп,  еңбек  етті.
                  1977  жылы  22  наурызда  қайтыс  болды.  Сонда  жерленген.    Ленин,  Қызыл
                  Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.




                                                       Әдебиеттер:



                          Айсанов  Ж.  Байырбеков:      (Серікқазы  Бекбосынов)  //  Семей  таңы.  -
                      1989. - 18 ақпан. - Б.3


                         Кеңес  Одағының  батырлары  -  шығысқазақстандықтар  =  Герои
                      Советского  Союза  -  восточноказахстанцы:  мағлұматнама.  -  Өскемен:
                      ШҚМУ, 2005. – Б. 132

                          Қуанышев  У.  Бір  ауылдың  батырлары:  Абай  ауданынан  шыққан
                         батырлар  Жанғазы  Молдағалиев,  Закария  Белібаев,  Серікқазы
                         Бекбосыновтар туралы // Семей таңы. - 1994. - 11 мамыр. - Б.3


                         Отан  батырларын  мадақтайды.  Шығысқазақстандықтар  -  Кеңес
                         Одағының  Батырлары:  фотоальбом  /  Шығыс  Қазақстан  облысының
                         әкімдігі,  Шығыс  Қазақстан  облыстық  сәулет-этнографиялық  және
                         табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2010.
                         – Б.35


                         Шығыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия  /  бас  ред.  Б.Ө.  Жақып.  –
                      Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Б.260
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106