Page 104 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 104

қатарында  дауыс  берді.  Съезде  оны  Халық  Кеңесінің  мүшелігіне  кандидат
                  етіп  сайлады.  Торғай  өңірінде  Кеңес  өкіметіне  қарулы  қарсылықты
                  ұйымдастыруға  белсене  қатысты.  Алашорданың  Торғай  облыстық  әскери
                  сотының  бастығы  болды.  Алашорда  атынан  А.Байтұрсыновпен  бірге  Кеңес
                  үкіметімен  келіссөз  жүргізді  (1918  ж.,  наурыз).  Аққұмда  (Торғай)  өзін
                  тұтқындауға келген қызыл әскерлермен атыста оққа ұшты.


                         Бұл  деректерден  Омар  Алмасов  1917  жылы  Торғайда  Уақытша
                  өкіметтің  комиссары  қызметін  атқарса,  ал,  Алаш  Орда  үкіметі  тұсында  аса
                  маңызды  әскери  соттың  бастығы  қызметі  мен  әскери  разведка  бастығы
                  қызметін  қатар  атқарғанын  көріп  отырмыз.  Осынша  маңызды  қызмет
                  атқарардай Омар Алмасов кім еді? Бұл туралы нақты деректер жоқтың қасы.
                  Ал,  біздіңше,  ол  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Үржар  ауданы
                  Тарғыбатай  (Тарбағатай)  тауының  күнгей  беткейінде  «орысқа  қараған  бес
                  болыс  ел»  атанып,  шекара  бойын  мекендеген,  Қаракерейден  тарайтын
                  Болатшы руының Жайықбай табынан. Әрі 1872 жылы Лепсі уезіне қарасты
                  Болатшы-Байғана (Елтай ауылы) болысында дүниеге келген. О.Алмасов 1905
                  жылдан  Алаш  ықпалында  болып,  Алаш  партиясының  алғашқы  күндерінен
                  мүшесі болады.


                         1916  жылғы  шытырман  кезеңде  болыстық  қызметті  қалдырып,  Омар
                  Алмасов  сынды  бірқанша  жанкештілер  ұлт  үшін,  тәуелсіздік  үшін  жанын
                  шүберекке  түйген Әлихан  бастатқан Алаш зиялыларының  қатарына барып,
                  тізе  қосады.  Алаш  аманаты  Омарды  лайықты  танып,  енді  1916  жылдан
                  күрделі  тарихи  шырғалаң  оқиға  қалыптасқан  А.Байтұрсынов  пен
                  М.Дулатовтың жауынгер елі Торғай жеріне қызмет етуге апарады.







                                                         Әдебиеттер:


                         Алмасов  Омар  //  Алаш.  Алашорда:  энциклопедия.  –  Алматы:  Арыс,
                         2009. – Б.52


                         Нұрпейісов К. Алаш Һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.
                         Нүсіпов Р. Аманкелдінің жаласы кімнен?: (О.Алмасов туралы деректер
                         бар) // Қазақ тарихы. – 2014. – №6. – Б.26-28


                          Алаш  қозғалысы:  энциклопедиялық  анықтамалық  //  Алматы:  Сардар,
                         2014. – Б.67-68

                                                     Интернет сілтеме:
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109