Page 105 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 105

Омаров А.// https://alash.semeylib.kz/?page_id=117





                                                         Хасен Ақаев

                                                         (1859 – 1931)





                                               Ақаев  Хасен  1859  жылы  Семей  облысы,  Қарқаралы
                                       ауданы, Қу болысында дүниеге келген. 16 жыл Қу елінінің
                                       болысы қызметін атқарып, ел арасында жаңалық енгізуші,
                                       білім  мен  өнерді  қолдаушы  болған.  Атақонысында
                                       орналасқан  Қоянды  жәрмеңкесінің  өркендеуіне,  орыс,
                  татар, өзбек көпестерімен сауда-саттықтың дамуына көп күш салған. Дүкен
                  ұстап,  қыр  қазағының  өнеркәсіп  өнімдеріне  сұранысын  өтеуге  тырысқан.
                  Егін егіп, мал тұқымын жақсартумен айналысқан.


                         Еуропалық  үлгідегі  қазақ-орыс  мектебін  ашып,  оны  бітіргендерді  өз
                  қаражатымен  Қарқаралы,  Семей,  Омбы  оқу  орындарында  оқытқан.  Әнші,
                  күйші      серілерді,     фельдшер,        ісмер     адамдарды       жанында        ұстаған.
                  Балуандығымен, жүйрік аттарымен даңқы жайылған. 1905 жылы Қарқаралы
                  құзырхатын  (петициясын)  ұйымдастырушылардың  бірі  болды.  Қарқаралы
                  уезінде  1905  жылы  22  шілдеде  патшаға  жазылған  құзырхатқа  қол  қойған.
                  1906  жылы  М.Дулатовты,  Ж.  Ақпайұлын  кепілдік  қаржы  төлеп  қамаудан
                  босатуға  атсалысқан.  1910  жылы  қазақтарды  патша  үкіметіне  бағынбауға,
                  сырттан көшіп келушілерге жер бермеуге, Қазақстанды Ресей империясынан
                  бөліп  алуға  үгіттеді  деген  айып  тағылып,  әкімшілік  жағынан  жауапқа
                  тартылып, Барнауылға жер аударылған. 1917 жылы 16 наурызда Қарқаралы
                  уезі  қазақ  комитетінің  мүшесі  болып  сайланды.  1918–1920  жылдары
                  алашорданың  елдегі  сүйеніштерінің  бірі  болды.  1921-1922  жылдары  Кеңес
                  орындарына  елге  сыйлы  азаматтардың  сайлануына  ықпал  жасады.  Семей
                  өңірінен  аштыққа  ұшыраған  Торғай  еліне  жәрдем  малын  жинастыруға
                  атсалысты.  Мал-мүлкі  әлденеше  рет  тәркіленді.  1927  жылы  Қызылжарға,
                  одан  Башқұрстанға  кетуге  мәжбүр  болды.  1931  жылы  Қызылжарда  қайтыс
                  болған.





                                                         Әдебиеттер:

                         Хасен Ақайұлы // Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. –
                  Алматы: «Сардар» баспасы, 2014. – Б.21-22
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110