Page 102 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 102
1 мамыр Варепа Иван Иосифович
(1910- 1981)
Иван Иосифович Варепа - 1910 жылы Семей облысы,
Жарма ауданы, Перьятенка ауылында туған. 1941 жылы
майданға шақырылды. Сталинград, Украин, 2 – Белорус
майдандарындағы ұрыстарға қатысады. 77 – гвардияшы
Чернигов атқыштар дивизиясы Днепр үшін шайқастың
соғыстың барысы үшін қаншалықты шешуші мәні бар екенін
жақсы түсінді. И. Варепа өзінің бөлімшесімен арнасы кең
Днепрден алғашқылардың бірі болып өтті. Гвардияшылар фашистерді
өздеріне жақын жіберіп алды да, пулеметтен, автоматтан оқ жаудырып,
гранат лақтырып, жаудың жанталаса жасаған төрт қарсы атакасына тойтарыс
берді. Осы кезде 288 – гвардияшы полктің бөлімшелері оң жағаға шығып,
жұмыла атака жасады, гитлершілерді қорғаныстың алдыңғы шебінен қуып
шықты.
И.И. Варепаның пулемет расчетының тапқыр да батыл қимылы
Днепрде жеңіске жетуге көмектесті. Осы ұрыста батыр жауынгер бірнеше
атыс ұясы мен 20- дан аса гитлершілерді жойып жіберді.
Днепрден өткенде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1944 жылы 15 қаңтарда
әскери тапсырманы орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен ержүректілігі
үшін гв. кіші сержанты Варепа Иван ИосифовичкеКеңес Одағының Батыры
атағы, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№ 3070) медалі қоса
тапсырылды. Днепр үшін болған шайқастың батыры И.И. Варепа кіші
лейтенанттарды оқытатын армиялық курсты аяқтап, офицер атағын алды,
пулеметшілер взводын басқарды. Әскери жорығын Берлинде аяқтап, 1945
жылы КПСС қатарына кірді.
Соғыстан кейін гвардия лейтенанты И.И.Варепа Қазақстанға оралды.
Семей облысының Шар ауданында колхозда еңбек етті. 1981 жылы 15
наурызда қайтыс болды. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Әуезов
кентінде жерленген. Ленин, Александр Невский ордендерімен, медальдармен
марапатталған.

