Page 106 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 106

Хасен  Ақайұлы  //  Алаш  қозғалысы:  дерек  пен  дәйек.  Ахмет
                  Байтұрсынұлы  мен  Алаш  қозғалысы  қайраткерлеріне  қатысты  шетелдегі
                  архивтерден табылған материалдар жинағы. – Астана, 2022. – Б.53- 55





                                                     Интернет сілтеме:




                  Хасен Ақайұлы// https://alash.semeylib.kz/?page_id=2700








                                                   Әлібеков Ғұбайдолла

                                                          (1870-1923)







                                                 Мемлекет        қайраткері       Әлібеков       Ғұбайдолла
                                          (Ғабдолла) 1870 жылы Жымпиты уезінде (қазіргі Сырым
                                          ауданы) дүниеге келген. Қарасу болысында молдадан хат

                                          танып,  Орал  қаласындағы  училищеде  оқыған.  Орынбор
                                          қаласындағы  мұғалімдер  даярлайтын  семинарияда  білім
                                          алып, ауылда мұғалім болған. Кейін Орал уездік полиция
                                          басқармасында          тілмаш,        Ойыл       және       Соналы
                  болыстарының басқарушысы қызметін атқарды. 1917 жылы Ақпан төңкерісі
                  тұсында  Халел  және  Жаһанша  Досмұхамедовтермен  бірге  Орал  облыстық
                  қазақ  сиезін  өткізуге  атсалысты.  Облыстық  қазақ  комитетінің  төрағасы
                  болды. Орал қаласында өткен облыс қазақтарының бірінші сиезінде Жайық
                  өзенінің  сол  жағалауын  қоныстанған  қазақ  ауылдарын  басқару  мақсатында
                  Орал  облыстық  қазақ  комитеті  құрылды.  Ғұбайдолла  осы  құрылған  қазақ
                  комитетінің  төрағалығына  сайланды.  Комитет  мүшелері  Ж.Досмұхамедов,
                  Ы.Тоқберлиев,         Х.Тасымов,       Т.Сарбупиев,        Е.Мұқанов,        Д.Сәрсенбаев,
                  Ғ.Әлібеков,  Д.Күсіпқалиев,  Б.Жанқадамов,  Р.Қаржаубаев.  Д.Жұлдызов,
                  Х.Досмұхамедов,           Ы.Топаев,        Е.Әбенов,        К.Жаленов,        Ғ.Есенғұлов,
                  С.Қаратілеуов, Б.Жұмағалиев, С.Омаров және Б.Тілепиндер болды.

                         Орал  комитеті  бірінші  облыстық  қазақ  сиезінің  Жайықтың  сыртқы
                  бөлігіндегі  бұрынғы  төрешіл  басқару  жүйесін  халықтық  басқару  жүйесіне
                  ауыстыру  жөніндегі  шешімінен  туындаған  барлық  қаулы-қарарды  жүзеге
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111