Page 107 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 107

асырумен  шұғылданды.  Орал  қаласындағы,  уездегі  қазақ  қаржысына
                  салынған жылжымайтын дүние-мүлікті есепке алып, қазақ пайдасына қызмет
                  еткізу,  елден  ерікті  жылу  жинау,  оқу  орындарын  ашу,  жәрмеңкелер  өткізу,
                  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету,  басқа  қоғамдық  ұйым-мекемелермен
                  байланыс жасау ісімен айналысты.


                         Ғ.Әлібеков  сиезді  кіріспе  сөзбен  ашып,  оның  төрағасын,  екі
                  орынбасарын  және  үш  хатшысын  сайлау  жөнінде  ұсыныс  жасаған.  Съез
                  төрағалығына Жаһанша Досмұхамедов сайланды. Ғұбайдолла Бүкіл ресейлік
                  мұсылмандар  сиезіне  делегат  болып  сайланады.  Орынбор  қаласында  өткен
                  1917 жылғы 21-28 шілдедегі бірінші жалпы қазақ сиезіне Ғұбайдолла Орал
                  облысы  мен  Маңғыстау  уезі  атынан  Құрылтай  жиналысы  депутаттығына
                  үміткер ретінде бекітілді.


                  Осы жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ
                  сиезіне де делегат ретінде қатысты. Осы сиезде Жаһанша Досмұхамедовтың
                  Алашорда  автономиясын  жедел  жариялау  туралы  ұсынысын  жақтап  дауыс
                  берді. Осы сиезде бүкіл Қазақтық құрылтай сиезінде республика үкіметінің
                  құрамына  сайланды.  Ғ.Әлібеков  Батыс  Алашорда  үкіметінің  мүшесі,  1918-
                  1920 жылдары Батыс Алашорда қызметіне айрықша еңбек сіңірді.


                         1920 жылдың 24 қыркүйегінен бастап, ол Қазақ АКСР-і әділет халық
                  комиссары,  кейін  бас  прокурордың  қызметіне  тағайындалады,  алғашқы
                  құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуге басшылық жасап, заң үлгілерін
                  түзеу  барысында  жергілікті  халықтың  әдет-ғұрпы,  тарихи  таным-түсінігі
                  ескерілуін  талап  етті.  1921  жылы  наурыз  айында  денсаулығының
                  нашарлауына  байланысты  туған  еліне  оралды.  1922-1923  жылдары  Орал
                  облысы  Жымпиты  уезі  атқару  комитетінің  төрағасы  қызметін  атқарып
                  жүрген шағында қайтыс болды.




                                                         Әдебиеттер:


                         Әлібеков Ғұбайдолла // Тлешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы:
                  энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Сардар» баспасы, 2014. – Б.94


                         Әлібеков  Ғұбайдолла  //  Алаш.  Алашорда:  энциклопедия  /  Құраст.
                  Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – Б.77


                         Әлібеков  Ғұбайдолла  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия  /  бас
                  ред. Ғ.Әнес. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – Б.165-166

                         Қабдөшев Б. Алаш Орда көсемдерінің бірі тұңғыш Әділет комиссары //
                  Заң. – 2015. – №4. – Б.14-16
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112