Page 108 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 108
Сүлейменова Д. XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары // Қазақ үні.-
2015. – 16 қыркүйек
Интернет сілтеме:
Әлібеков Ғұбайдолла// https://alash.semeylib.kz/?page_id=230
Күсепқалиев Дәулетше
(1870-1944)
Күсепқалиев Дәулетше (Дәутетшаһ) (1870,
Екатеринослав уезі Старосербск қаласы – 1944) – жоғары
білімді алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Батыс Алашорда
қайраткері. Болыстық орыс-қазақ мектебін және Орынбор
гимназиясын тәмамдады. Императорлық Мәскеу
университетінің медицина факультетін 1900 жылы үздік
бітірді. Кейбір деректер бойынша, айтылмыш университеттің заң
факультетінде қатар оқып, екі дипломды бірге алған. Сол жылы Орал
облысына қарасты Ілбішін уезінде Қарағаш, Өлеңті, Жымпиты, Соналы,
Қалдығайты болыстарына дәрігерлік қызмет көрсетті. 1903 жылдан бастап
Орал облысы Гурьев уезіне қарасты Есбол, Қарабау, Кермақас, Тайсойған
және Қызылқоға болыстарына қызмет көрсететін дәрігер, әрі осы учаскеде
шаруашылық басшысы, Кермақас бір кластық орыс-қазақ училищесінің
қамқоршы-попечителі қызметтерін атқарды.
1912 жылы Жымпиты земстволық ауруханасының меңгерушісі,
онымен бір мезгілде крестьянский начальник. Облыстық земство жиынының
қаржысын пайдалана отырып, ауруханада жүйке сырқатына
шалдыққандарды емдейтін бөлімше, перзентхана ашуға ұйтқы болды.
Саратовтық эпидемиолог дәрігер Г.И.Кольцовпен бірге қазақ даласындағы
обаға қарсы күресетін алғашқы лаборатория ұйымдастырып, жұқпалы
ауруларға қарсы егу жұмыстарын жүргізді. 1914 жылы Самар қаласында
өткен обаға қарсы күрес сиезінде мәнді баяндама жасады. Бұл уақиға туралы
М.Дулатов «Қазақ» газетінде (1914, №55, 57) мақала арнады.
1915-1916 жылдары Жайық өңірінде сауда-кәсіпкерлік істің өркендеуіне үлес
қосты. Мал тұқымын асылдандырумен айналысты, бір өркешті бактриян

