Page 109 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 109
түйелері мен жергілікті тұқым арасынан төзімді де өнімді жаңа нар тұқымын
шығарды, шағын несиемен жұмыс істейтін шаруашылықтар, несие беретін
ұйымдар құру ісіне ұйтқы болды.
Күсепқалиев «Қазақ» газетіне қалам қызметімен қолдау
көрсеткендердің бірі. Онда (1916, №210) уақ қарыз ұйымдарына қатысуға
шақырған «Қазақ халқына» атты мақала жариялады. Ақпан революциясынан
кейін іле-шала әлеумет жұмысына араласты.
1917 жылы 10-наурызда Жайық сырты қазақтары өкілдерінің
жиналысында Ғ.Әлібековтің төрағалығымен құрылған Жайық сырты бөлігі
облыстық комитетіне мүше болып сайланды және Орал облыстық азаматтық
комитетіне Ғ.Әлібеков, Б.Қаратаевпен бірге өкіл болып кірді. Сол жылы
сәуірде өткен I Қазақ Орал облыстық сиезінде Орал облыстық қазақ
комитетінің мүшесі болып сайланды.
1917 жылы желтоқсандағы II Жалпықазақ сиезінің делегаты, сиез
хатшысы болды. Алаш автономиясын дереу жариялауды жақтап дауыс берді.
1918 жылы қаңтарда өткен земство мекемелерін сайлаушылардың облыстық
мәжілісінде Г.Попов, К.Жәленов, Ы.Топаев, Қ.Ғалиев, Ы.Шұғыловпен бірге
Жайық сырты облыстық управасының мүшесі болып сайланды. Айтылмыш
управа төрағасы Х.Досмұхамедовпен пікірлес, идеялас болды. 1918 жылы
мамырда Жымпитыда өткен ІҮ Қазақ Орал облыстық сиезінің делегаты, сиез
төрағасының орынбасары, ал 1918-1919 жылдары Ж.Мергенов,
Ж.Досмұхамедовпен бірге Ойыл уәлаятындағы Алашорда үкіметі кеңесінің
мүшесі болды.
1920 жылы наурыз-шілде аралығында Қазәсревкомның денсаулық
сақтау бөлімі санитарлық-эпидемиологиялық қосалқы бөлімінің меңгерушісі,
1921 жылы Тайпақ дәрігерлік учаскесіне меңгеруші болды. Сол жылы
мамырда Орынборда өткен I Бүкілқазақ медицина қызметкерлері кеңесінде
«Орал губерниясына қарасты Жымпиты уезінің географиялық,
этнографиялық, тұрмыстық жағдайы және медициналық-санитарлық ахуалы»
тақырыбында толымды да терең мазмұнды баяндама жасады. 1928 жылы
күзде «жартылай феодал» әрі бұрынғы Алашорда қайраткері деген екі
категориямен тәркіленіп, Жетісу округіне жер аударылады.
1929-1934 жылдар аралығында Алматыда, республикалық
венерологиялық диспансерінде дәрігер және Алматы зооветеринарлық
институтында оқытушы, 1934-1940 жылдар аралығында Алматы облысының
Қаскелең аудандық ауруханасының, Оңтүстік Қазақстан облысынының
Келес аудандық ауруханасының, Семей облысының Абай аудандық
ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарды.

