Page 110 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 110
Әдебиеттер:
Күсепкалиев Дәулетше // Алаш. Алашорда: Энциклопедия / Құраст.:
Ғ.Әнес, С.Смағұлова.- Алматы: Арыс баспасы, 2009.- б.241-243
Күсепкалиев Дәулетше // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас
ред. Ғ.Әнес.- Алматы: Арыс баспасы, 2002. – б.328-329
Интернет сілтеме:
Дәлетше Қүсепқалиев // https://alash.semeylib.kz/?page_id=528
Хасен Қасқабасов
(1870 – 1989)
Алаш қозғалысының өкілі Хасен Қасқабасов 1870
жылы Қызылорда округі, Қарсақбай ауданында өмірге келген.
Әлеуметтік тегі бай тап өкілінен. Бастауыш мектепте білім
алған. 1911 – 1917 жж.аралығында болыс болған. «Алаш»
партиясының өкілдері жүктеген тапсырмаларын орындап
отырған. 1918 жылы Атбасар уезіндегі Бағаналы болысында
патша жарлығына қарсы қарулы наразылық жасап, көтеріліс барысында
Бағаналы хандығын құруға қатысып, округ байларының қолдауымен хан
болып сайланған. Колчак жағынан өтіп, кеңес өкіметіне қарсы шыққан.

