Page 124 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 124

қоғамдық  көзқарастарын  қалыптастыра  бастады.  1904  ж.  училищені  үздік
                  бітіріп,  1906  ж.  белгілі  қоғам  қайраткері,  заңгер  Бақытжан  Қаратаевтың
                  ақылымен Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түсті. Осы оқу
                  орнында  орыс  және  Батыс  ғалым-заңгерлерінің  озық  ойлы  бөлігінің
                  еңбектері  ықпалымен  заңдық-құқықтық  қоғам  жетістіктеріне  көз  жеткізіп,
                  қазақ тәрізді дамудың төменгі сатысында қалған ел үшін ескі кереге биліктен
                  азаматтық-заңдық  билік  түріне  көшудің  аса  қажет  екендігін  ұғынды.
                  С.А.Андреевский, Н.П.Карабчевский, А.Ф.Кони, Ф.Н.Плевако, В.Д.Спасович
                  сияқты  Ресейдің  атақты  сот  шешендерінің  өмірі  мен  қызметін  зерттеп,
                  болашақ қызметіне керек шешендік өнердің қыр-сырын меңгерді.


                         1911  ж.  СПб  университетін  үздік  бітірген  Ж.Досмұхамедұлы  Оралға
                  келіп заңгерлік қызметке орналасты, бірақ білімді қазак жасының жергілікті
                  «Уральский листок» жер мәселесіне байланысты жарияланған батыл пікірлі
                  мақалаларынан  сескенген  Орал  генерал-губернаторы  Орал  губерниясында
                  тұруға  тыйым  салып,  Том  қаласына  қызметке  жіберді.  Ж.  Досмұхамедұлы
                  1911-1917 ж. аралығында әуелі адвокат, кейін Том округтік сотының Каинск
                  уезі  бойынша  прокуроры  болып  қызмет  атқарды.  Осы  өңірдегі  және  қазақ
                  даласындағы  сот  процестеріне  қатысып,  прокурор  және  адвокат  ретінде
                  күрделі  істердің  үдесінен  шыға  білді.  Ж.Досмұхамедов  есімі  Жайық
                  бойындағы белгілі би Шойтас Бәдікұлының ісіне қатысуымен де елге мәлім
                  бола түсті. 1916 жылдың дүрбелеңі тұсында елдің самодержавие өкілдерінің
                  зорлық-зомбылығына наразылық білдіріп, бассыздықты заң жолымен тыюға
                  әрекет  етті.  Сол  жылдың  аяқ  шенінде  Б.Қаратаев,  Ж.Сейдалинмен  бірге
                  Петроградқа  арнайы  сапар  шегіп,  ІҮ  Мемлекеттік  Дума  алдына  қазак
                  жігіттерін тыл жұмысына алуды шегере тұруды мәселе етіп қойды. Өмірінің
                  Том  кезеңінде  отставкадағы  генерал  Черняев  (Шымкент)  маңында  земство
                  бастығы  болған  Константин  Колоссовскийдің  қызы  Ольгамен  (Янга)
                  танысып, оны өзіне өмірлік жар етті.


                         1917  ж.  Ақпан  революциясынан  кейін  Каинс  уездік  атқару  комитеті
                  төрағасының  орынбасары  болып  тағайындалды.  Сол  жылы  наурыз  айында
                  демалыс  алып,  Оралдағы  Уакытша  Қазақ  комитетінің  арнайы  шақыруымен
                  елге  келді,  комитеттің  I  Қазақ  Орал  облыстық  сиезін  жинау  жөніндегі
                  жұмысына қатысты. 1917 ж. 19-22 сәуір аралығында өткен аталмыш сиезге
                  қатысушы  800  делегат  тарапынан  бір  ауыздан  сиезд  төрағасы  болып
                  сайланды.  Ж.Досмұхамедов  ұсынған  бағдарламамен  жүрген  сиезд  Жайық
                  қазақтары үшін өмірлік маңызы бар бірқатар қарар қабылдады, соның ішінде
                  тұрақты  Жайық  сырты  облыстық  қазақ  комитеті  сайланды,  жаңадан
                  жергілікті баскару құрылымы белгіленді.


                         Сиезд Ж.Досмұхамедовты Мәскеуде өтетін I Бүкілресейлік мұсылман
                  сиезіне  делегат  етіп  сайлады.  Бұл  тұстағы  саяси  платформасы  –  Уақытша
                  үкіметті  қолдай  отырып,  Ресей  құрамында  қазақ  елін  автономиялы  ел  ету
                  және  осы  мұрат  жолында  елдің  ықпалды,  белгілі  адамдарының  қолдауына
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129