Page 128 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 128
1920 жылы Орынборда Қазақ автономиялық республикасы
жарияланғанда, оны жаңа астанаға қызметке шақырды. Алғаш Соғыс
комиссариатының саяси білім бөлімін басқарды. Сонан кейін Халық ағарту
комиссары А.Байтұрсынұлының шақыруымен білім саласына ауысып,
комиссариат алқасының мүшесі, әлеуметтік тәрбие бөлімінің басшысы,
мектеп істері бөлімінің меңгерушісі жауапты қызметтерін атқарды. Осы
уақытта Орынбордағы мұғалімдер курсында, Қазақ халыққа білім беру
институтында (КИНО) ұстаздық етеді. Мұрағат деректерінде қайраткерге
физика, математика пәндерінен мектеп оқулығын жазуға ұсыныс жасалғаны
көрсетілген. Ғалым-ұйымдастырушы ретінде ол Қазақ ғылым
комиссиясының, Академиялық орталықтың негізін қалауға атсалысты. Сол
кездегі мерзімді басылымдардан қайраткердің отандық мектеп жүйесін
қалыптастыруға аянбай күш-жігер жұмсағанын, өлкеде алғашқы әскери және
кәсіптік оқу орындарын ашуға бастамашы болғанын оқимыз. Қазақта
кеңестік-пролетарлық асыра сілтеу саясаты салдарынан 1931-1932 жылдарғы
қырғынға дейін 1921 жылы алапат ашаршылық болғаны мәлім. Осы кезде
елді түрлі індеттер жусатып кетті. Қайраткер 1921 жылы 36 жасында халыққа
тиген оба ауруынан қайтыс болды. Оның қазасына Алаш қайраткерлері «бір
жұлдызымыз сөнді» деп қатты қайғырды. «Қазақ» газетінде 1921 жылы 22
тамызда Б. Сәрсенұлының қайтыс болуына орай Ж.Аймауытов пен
М.Тұрғынбаевтың «Бияш» деген мақаласы жарияланған.
Әдебиеттер:
Тілешов Е, Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық
анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.354
Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. –
Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – Б.282-283
Сыдықов Е. Шәкәрім және Алашорда. – Алматы Раритет, 2008. – Б.181
Сәрсенов Б. Түркістан = Туркестан = Turkestan: Фотоальбом / Сәрсенов
Б., Шахай Ш. – Алматы: Құс жолы, 2005. – Б.196
Сәрсенов Б. Ұлт қазынасы: Сарғайса да газеттің ақ парағы, өткен
күндер тарих боп сақталады // Ертіс өңірі. – 2004. – 2 қыркүйек. – Б.27
Кенемолдин М. Бияш деп елі еркелеткен // Абай. – 2006. – №3. – Б.36
Интернет сілтеме:

