Page 130 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 130

туралы  көлемді  мақала  жазады.  1917-1918  жылдары  Міржақып  Алаш
                  қозғалысын жандандырып, Ресей халі ауырлағанда ел тәуелсіздігіне қатысты
                  мәселемен шұғылданды. 1917 жылы маусым мен желтоқсанда шақырылған
                  жалпықазақ  сиездерінің  жұмысына  қатынасты.  Кеңес  өкіметі  орнаған  соң
                  біраз  уақыт  Орынбордағы  газет-журналдарда  қызмет  жасады.  20-жылдың
                  басында  Ташкенттегі  «Ақжол»  газетінде,  Семей  сот  мекемесінде  жұмыс
                  істеді.  1921  жылы  Қазақ  мемлекеттік  баспасының  бөлімін  басқарды.
                  Қайраткер  1922-1926  жылдары  Орынборда  Қазақ  халыққа  білім  беру
                  институтында  (КИНО,  1920  жылы  ашылған)  ұстаздық  етеді.  Қазақ  өлкесін
                  зерттеу қоғамының мүшесі болады. Осыған қосымша Қазақстан мемлекеттік
                  баспасында,  «Еңбекшіл  қазақта»  қызмет  атқарады.  1924  жылы  Қазақ
                  білімпаздарының  тұңғыш  сиезіне қатысып, сөз  сөйлейді.  Екі  бөлімді  «Есеп
                  құралын», «Балқия» атты пьесасын, библиографиялық көрсеткішін жарыққа
                  шығарды.  Кеңестік  тоталитарлық  жүйе  оны  1928  жылы  тұтқындады.  1930
                  жылы  Ақтеңіз-Балтық  каналының  жұмысына жер  аударды. Қайраткер 1935
                  жылы 5 қазанда Сосновец жерінде дүние салды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан
                  кейін сүйегі туған жеріне әкелініп жерленді.




                                                             Әдебиеттер:


                         Дулатов  Міржақып  //  Тілешов  Е,  Қамзабекұлы  Д.  Алаш  қозғалысы:
                  энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.159-161


                         Алаш.  Алашорда:  Энциклопедия  /  Құраст.:  Ғ.Әнес,  С.Смағұлова.-
                  Алматы: Арыс баспасы, 2009.- б.143-147


                         Дулатов  М.  Шығармалары:  өлең,  жырлар,  әңгімелер,  пьеса,
                  көсемсөздер  мен  сын-зерттеу  мақалалары.  –  Алматы:  Ана  тілі,  2010.  –  400
                  б.4.

                         Галиев В. З. Ұлтты оятқан кітап: Міржақып Дулатұлы және оның “Оян,
                  қазақ! ” кітабының ізімен. – Алматы: Мектеп, 2013. – 416 б.


                         Дулатқызы  Г.  М.  Алаштың  сөнбес  жұлдыздары:  естелік-эссе.  –
                  Алматы: Мектеп, 2012. – 392 б.


                         Жолдасбеков  М.  Ахметті  ардақтап,  Міржақыпты  үлгі  етсек  //
                  Тәуелсіздік тағылымы. – Астана: Күлтегін, 2012. – б.303-308




                                                     Интернет сілтеме:
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135