Page 15 - Календарь - 2026 год Семей
P. 15

жылдың  26  шілдесінде  бастап  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  өкімімен
                  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

                                                          Әдебиеттер:

                         Шығыс      жұлдыздары      Т.1:    Сөз    зергерлері.   Мәдениет      майталмандары:
                  энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. –Б.133
                         Ерлан Сыздықов // https://kznews.kz/qazaqsha-omirbajan/


                  12 наурыз                                                              Қазақ композиторы, күйші  домбырашы
                                                                      Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
                                                                 Секен Тұрысбековтың туғанына 65 жыл (1961)


                                                Секен Тұрысбек Кәрімұлы 1961 жылы 12 наурыз күні Семей
                                         облысы Үржар ауданының 1 Май ауылында дүниеге келген. Семей
                                         қаласындағы     М.Төлебаев      атындағы     музыка     училищесінде
                                         Қ.Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекеттік Құрманғазы
                                         атындағы консерваториясын М.Әубәкіровтің жетекшілігімен бітірді.
                                                «Сазген»       фольклорлық-этнографиялық           ансамблінің
                                         көркемдік  жетекшісі  және  бөлім  меңгерушісі,  «Ақ  жауын»
                                         мемлекеттік  камералық  оркестрінің  көркемдік  жетекшісі  әрі  бас
                  дирижері.
                          «Жазғы қар», «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Бесік күйі»(«Балауса»), «Күлтегін»,
                  «Көк  бөрі»,  «Дарабоз»,  «Ақжүніс»,  «Өкініш»,  «Боздақ»,  «Аруана»(«Шығыс  жұлдызы»),
                  «Мәлғаждар» күйлерінің және «Аққу  сазы», «Ерке қусым», «Көктемім  менің, көктемім»,
                  «Қоңыр  қаз», «Шағала»,  «Мен  бір  жұмбақ  адаммын», «Айхай  заман», «Аяулы  арман,
                  дуние», «Қос жұлдызым», «Бауырым сонау, күн кайда?», «Анама», «Тарбағатай», «Қоңыр
                  жел»,  «Қарлығашым», «Толғау»,  «Қызыма»,  «Жанымнан тәтті өмір», т.б. ән-күйлер мен
                  романстардың авторы.
                         1985  жылғы  Мәскеуде  өткен  жастар  мен  студенттердің  XII  дүниежүзілік
                  фестивалінің,  1988  жылғы  Қазақстан  Комсомолы  сыйлығының  лауреаты.  1993  жылдан
                  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  әртісі.  Қазақстан  Республикасының  өнеріне
                  сіңірген еңбегі үшін  2011 жылы «Құрмет» орденімен, 2017 жылы «Парасат» орденімен
                  марапатталды.

                                                          Әдебиеттер :

                         Тұрысбеков  С.  Пендешіліктен  бір  саты  биік  тұрғым  келеді  //  Дидар.  –  2018.-  15
                  наурыз.- Б.13
                         Шығыс      жұлдыздары      Т.1:    Сөз    зергерлері.   Мәдениет      майталмандары:
                  энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. –Б.279
                         Секен Тұрысбек өмірбаяны// https://kznews.kz/qazaqsha-omirbajan/
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20