Page 20 - Календарь - 2026 год Семей
P. 20

ақындар  кеңесіне,  1988  жылы  Алматы  қаласындағы  «Жігер»  ақындар  фестиваліне
                  қатысқан.
                         К.Байгужиновтың  1995  жылы  жарық  көрген  «Покорение  вершин»  атты  алғашқы
                  өлеңдері  мен  сыни  этюдтер  жинағы  Абайдың  150  жылдығына  арналған.  «Покорение
                  вершин» (1995), «Красные ренегаты» (1999), «Нежность» (2002), «Молитва любви» (2003)
                  атты  өлеңдер  жинағы  мен  көптеген  мақаланың  авторы.  Валерий  Зубовтың  «Я  подарил
                  тебе  звезду»  (1999  ж.)  поэтикалық  кітаптарының,  Геннадий  Мохнаковтың  «Белая
                  березонька» (2003 ж.), Николай Алексеевтің «Алтыбақан» (2003 ж.), Владимир Кишконың
                  «Помаленьку  о  жизни»  (2004  ж.),  «Семипалатинская  лира»  (2005  ж.)  атты  кітаптардың
                  редакторы  болды.  «Трибунал  мыслей»  әдеби  мақалалар  жинағының  құрастырушы
                  редакторы  болды.  Бұл  жинақ  Олжас  Сүлейменовтың  1959-2002  жылдардағы
                  шығармашылығына  арналып,  ол  туралы  мақалаларды  қамтыған.  Ақын  –  еркіндік,
                  азаматтық ерлік, ар-намыс тақырыптарында қалам тербеген.
                         К. Байгужинов – «Арбаат» әдеби үйінің президенті. Қаламгер тек дарынды ақын,
                  прозаик,  публицист  қана  емес,  сонымен  бірге  Зият  Шәкәрімов  шығармаларын  кәсіби
                  аударушы.  «Шалқыма»  («Вдохновение»)  халық  әнінің  аудармасын  ерекше  айта  кету
                  қажет.  Аталған  ән  Мәскеудегі  «Виват,  Победа!»  Х  Халықаралық  мерейтой  сайысында
                  Өңірлік «Восток» солистерімен орындалып, ерекше құрметке ие болған.
                         Жемісті  шығармашылық  жұмысы,  ақындық  шебері,  мәдениеттің  дамуына  қосқан
                  үлесі үшін бірнеше мәрте Құрмет грамотасымен, қала әкімі, облыстық, қалалық мәдениет
                  басқармасының       Алғыс     хаттарымен,     қоғамдық      ұйымдардың      Дипломдарымен
                  марапатталған.  Қазіргі таңда дербес зейнеткер.

                                                              Әдебиеттер:

                         Биданова  А.  Мечетей  облик  первозданный:  о  К.  Байгужинове  //  Казахстанская
                  правда. - 2007. - 23 февраля. - С.10.
                         Биданова  А.  Созвучье  чувств,  созвучье  дум:  о  К.  Байгужинове//  Казахстанская
                  правда. - 2014. - 10 октября. - С. 21.
                         Идришева  Г.  Кенжебек  Байгужинов:  "Моя  любимая  тема  -  история  жизни"  //
                  Семипалатинские вести. - 2006. - 6 апреля. - С. 5.
                         Легче  книгу  написать:  [вышла  книга  Семипалатиского  поэта  и  публициста  К.
                  Байгужинова "Красные ренегаты"] // Рудный Алтай. - 1998. - 18 июня. - С. 1.
                         Палу  Д.  Поэту  нужна  трибуна:  о  К.  Байгужинове  //  Вести  Семей.  -  2009.  -  24
                  декабря. - С. 3.
                         Секенов С. К родной земле – с любовью: о К. Байгужинове // Вести Семей. - 2009. -
                  3 сентября. - С. 1.


                  27  сәуір                                                                    Фототілші Владислав Владимирович
                                                              Павлуниннің туғанына 80 жыл (1946-2002)


                         Павлунин  Владислав  Владимирович-кәсіби  фотосуретші,  КСРО  және  Қазақстан
                  Журналистер  Одағының  мүшесі.  Владислав  Владимирович  Павлунин  1946  жылы  27
                  сәуірде Пенза облысы (Ресей) Сердобск қаласында дүниеге келген. Сегіз жылдық мектепті
                  бітіргеннен  кейін  Башмаков  кәсіптік-техникалық  училищесінде  оқып,  оны  бітіріп,
                  Сердобск  қаласындағы  ет  комбинатында  тоңазытқыш  қондырғыларының  шебері  болып
                  жұмыс істеді. 1967 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне
                  түсті. ҚазМУ-ды бітіргеннен кейін облыстық "Рудный Алтай"газетінің фототілшісі болып
                  жұмыс  істеді.  1987  жылдан  бастап  Владислав  Владимирович  Семей  қаласында  тұрып,
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25