Page 16 - Календарь - 2026 год Семей
P. 16

14 наурыз                                                                      Әнші,  Қазақстан Республикасының
                                                                        еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,
                                                       Баян Сағымбаеваның туғанына 75 жыл (1951 -2024)


                                              Баян Сағымбаева Абай ауданы, Бірлік ауылында 1950 жылы 14
                                       наурызда  туған.  Мектепте  оқып  жүргенде-ақ  озат  оқушы  болуымен
                                       қатар, мектептің де ауылдың да бетке ұстар әнші, биші қызы, сүйікті
                                       де  сұлу  актрисасы  болды.  15  жасынан  жазушы  М.Әуезовтің
                                       «Қаракөзіндегі» күрделі бейне Кааракөзді сомдады. Жұртшылыққа да
                                       танылуы осы рольден басталды. 1967 жылы Мәскеуге барып Кремль
                  сахнасында  Б.Майлиннің  «Жалбыр»  музыкалық  драмасын  қойды.  16  республиканың  32
                  халық  театры  қатысқан  осы  фестивальде  1-дәрежелі  дипломмен,  алтын  медальмен
                  марапатталды. 1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атанды.
                         Абай  ауданындағы  атақты  халық  ансамблі  «Қаламқастың»  белді  әншісі  Баян
                  құраммен Чехославакияның 27 қаласында өнер көрсетті. Чехтың «Биле, биле» әнін айтып
                  зор құрметке ие болды. Әнші репертуары бай. Өнердің қайнар көзі халық әндерінің бал
                  бұлағынан  бастау  алған,  сусындаған  Баянның  ешкімге  ұқсамайтын  ғажап  әуезі  мен
                  тереңге тартар сиқырлы үні тыңдаушыны бей-жай қалдырмайды.
                         1980  жылдары  Баян  Алматыдағы  «Қазақконцертте»  біраз  жылдар  қызмет  етіп,
                  кейіннен өзінің туған қаласына оралды. Семей педагогикалық колледжінде вокалдан сабақ
                  беріп, ұстаз болып шәкірт тәрбиеледі.
                         Қазақстанның  еңбек  сіңірген  мәдениет  қайраткері.  Абай  ауданының  құрметті
                  азаматы. Есімі Абай ауданының Құрмет тақтасына жазылған.
                         Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баян Сағымбаева 2024 жылдын
                  23 маусымында өмірден өтті.

                                                          Әдебиеттер:

                         Ахматбекова А. Ақбаян // Семей таңы. -1997. -19 сәуір.
                         Боқаев Қ. Өнерлі өрге жүзер. -Алматы: Қазақстан, 1980. -148 б.
                         Сағынбаева Б. «Қашан да Баян халқымды сақтадым» Сұхб.С.Қасымжанұлы // Ертіс
                  өңірі. - 2010. -1 наурыз. - 8 б.
                         Сейсенұлы Д. Семей елі, Семей жері. - Семей, 2001. - 188-191 б.
                         Шығыс  Қазақстан  облысы.  Энциклопедия.  -  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясы»,
                  2014. - 645 б.
                         Шығыс       жұлдыздары.Т.1:      Сөз     зергерлері.    Мәдениет      майталмандары:
                  энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. - 266 б.
                         Сағымбаева  Баян  //  https://nege.kz/amp/belgl-ansh-bayan-sagimbaeva-omrden-ott-
                  28c43a
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21