Page 19 - Календарь - 2026 год Семей
P. 19

1 сәуір                                                                              Семей қаласындағы орталық
                                                                кітапхананың  құрылғанына  50 жыл (1976)


                                               Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
                                        еңбекшілердің қалалық депутаттар Кеңесінің шешімімен 1976 жылы
                                        1 наурызда қүрылды. Оның қалыптасу мен даму жолы жеңіл болмай,
                                        өз  қиыншылықтарын  да  бастан  өткізді.  Орталықтандырылған
                                        кітапхана  жүйесінде  барлығы  30  кітапхана  бөлімшесі  болды,  оның
                                        ішінде 5  - балалар,  1  –жасөспірімдер, 15  -  ересектер мен балаларға
                                        қызмет көрсететін кітапхана бар. 1995 жылы ОКЖ құрамына Жаңа-
                                        Семей ауданына қарасты тағы 13 ауылдық кітапхана қосылды.
                         Оңтайландыру  жылдарында  26  қалалық  кітапхана  бөлімшелері  қысқартылды,
                  соның  ішінде  барлық  балалар  және  12  ауылдық  кітапханалар  бар.  Жабылған
                  кітапханалардың кітап қорлары қалалық және ауылдық мектеп кітапханаларына, балалар
                  үйлеріне, әскери бөлімшелерге тегін таратылды.
                         2002-2003  жылдары  Шығыс  Қазақстан  облысының  әлеуметтік-экономикалық
                  дамуының индикативтік жоспары негізінде Балалар және жасөспірімдер кітапханасы мен
                  Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі қайта ашылды.
                         2013 жылы Мирный кентінде кітапхана бөлімшесі, 2014 жылынан бастап Шығыс
                  және  Жоламан  кенттерінде  кітапхана  бөлімшелері  ашылып,  оқырмандарға  қызмет
                  көрсетуде.
                         Қазіргі таңда ОКЖ құрамына 10 кітапхана кіреді, оның ішінде 9 кітапхана Семей
                  қаласында орналасқан, бір кітапхана Шүлбі кентінің тұрғындарына қызмет көрсетеді.

                                                          Әдебиеттер:

                         Семейдің кәсіпорындары мен мекемелері. - Семей, 2018. – Б. 268


                   8 сәуір                                                                    Ақын, публицист, аудармашы  Кенжебек
                                                                       Байгужинов туғанына 70 жыл (1956)

                                            Ақын, публицист, аудармашы, «Арбаат» әдеби үйінің президенті
                                     Байгужинов  Кенжебек  Ақанұлы  -  1956  жылы    Кемерово  қаласында,
                                     кенші  отбасында  дүниеге  келген.  1961  жылы  отбасы  Қазақстанға,
                                     Семей  облысы,  Бородулиха  ауданына  қоныс  аударады.  Балалық
                                     шағынан  бастап  сүйікті  ісі  әдеби  кітаптарды  оқу  болған.  Алғашқы
                                     өлеңдерін  13  жасынан  бастап  жазады.  Мектеп  қабырғасында  жүріп,
                                     драма үйірмесіне қатыса отырып, мектеп сахнасында өнер көрсетеді. 15
                                     жасында  қалаға  келген  уақытынан  бастап  өлеңдерін  дәптерге  жаза
                                     бастайды. Семей қаласының байланыс  училищесін тәмамдаған. Әскер
                  қатарында  жүріп  те  шығармашылық  еңбегін  тоқтатпаған.  Әскерден  оралған  соң  Н.  К.
                  Крупская  атындағы  Семей  педагогикалық  институтының  филология  факультетін
                  тәмамдайды.  Ол  комсомол,  кәсіподақ  жұмысы,  ұстаздық  және  журналистика  саласында
                  қызмет еткен. Семей облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси бөлімі кеңесшісі, Семей
                  тарихи-өлкетану
                         мұражайының  директоры  лауазымдарында  болған.  Соңғы  бірнеше  жыл
                  Шульбинск кентінің әкімі қызметін атқарды.
                         К.  А.  Байгужинов  –  1980  жылы  Новосібір  Академия  қаласындағы  халықаралық
                  ақындар сайысының лауреаты, 19810 жылы Талдықорған қаласындағы Қазақстанның жас
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24