Page 18 - Календарь - 2026 год Семей
P. 18

17 наурыз                                                                                     Сазгер Бекен Жамақаевтың
                                                                               туғанына  95 жыл (1931-1972)


                                             Қазақ  өнерінде  шоқтай  жарқырап,  жұлдыздай  ағып
                                      түскен  жерлес  сазгеріміз  Бекен  Жұмабекұлы  1931  жылы  Абай
                                      ауданының  Саржал  селосынан  елу  шақырымдай  Жанан  деген  жерде
                                      дүниеге келген.  Семей  қаласындағы  16-шы  мектептің  жетінші
                                      класын бітірді. 1946-1948 жылдары Абай атындағы облыстық драма
                                      театрында  артистік  қызмет  атқарды.  1948  жылы  М.Әуезов
                                      атындағы  педагогикалық  колледжге  түсіп,  оны  1950  жылы  барлық
                                      пәннен  үздік  бітіріп  шықты.  1951-1952  жылдары  облыстық
                                      радиокомитетте  әдеби  қызметкер,  1952-1957  жылға  дейін  цензор
                  болып істеді. 1958-1960 жылға дейін радиокомитетте қызмет атқарды.
                         Болашақ  сазгердің  атағын  шығарған  акын  Н.Шәкеновтің  сөзіне  жазған  ән
                  «Махаббат  вальсі»  болды.  1955  жылы  28  қазанда  Қазақ  радиосынан  әнші
                  Р.Бағланованың  орындауында  берілген  ән  осылай  дүниеге  келген  болатын.
                         Жазушы М.Әуезов осы әннің шығу тарихы туралы айтқанда, өзінің  өкпе ауруына
                  шалдығып сүйген қызына үйлене алмай жүргенін мұң етіп айтқан. Осыдан кейін жазушы
                  оның сауығып кетуіне көмегін аямаған дейді көз көргендер.
                         Кейіннен сазгер халқына тағы бір тамаша өн сыйлады. «Ертіс вальсі» деген әнің
                  де тұңғыш орындаушысы Роза Бағланова болды. Сазгердің шығармашылық өрлеу кезеңі
                  елуінші  -  алпысыншы  жылдар  аралығы  болды.  Әндерінің  басым  көпшілігі  вальс
                  ырғағына  жазылғаны  мәлім.  Соның  ішінде  «Сен  ғана»,  «Гүлім  қайда»,  «Мерке
                  вальсі»,    «Қарағынды       вальсі»    және     басқалары.    Классикалық      опералардың
                  клавирларымен танысқан сазгер, ешқандай композиторлық  білім алмай-ақ өзіндік іздену
                  нәтижесінде өзіне тән қолтаңбасын жасау бақытына қол жеткізді.
                         1972 жылы қаңтар айында қырық бір жасында талантты сазгер дүниеден өтті.
                         Алматыда  тұратын  баласы  Бақытжан  әке  мұрасын  жинастырып  түрлі-түсті
                  «Махаббат вальсі» атты ән жинағын шығарды. Оған сазгердің 38 әні енгізілген.
                         Алматы, Семей қалаларының көшелерінен бір көше сазгердің есімімен аталады.

                                                          Әдебиеттер:

                         Ахметбекова А. Туған жердің туын көтерген: (Б.Жамақаев туралы да бар) // Семей
                  таңы. - 1999. -1 сәуір.
                         Әміренов М. Әндерін ұлы Мұхаң ұнатқан сазгер // Дидар. - 2001. - 28 сәуір.
                         Әміренов М. «Вальс королі»  // Егемен Қазақстан. - 2001. - 30 мамыр.
                         Махаббат вальсі: өлеңдер жинағы. - Алматы, 1997. - 147 б.
                         Шығыс      жұлдыздары      Т.1:    Сөз    зергерлері.   Мәдениет      майталмандары:
                  энциклопедиялық анықтамалық. - Астана:Фолиант, 2011. – Б.220
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23