



1903 ж. С-Петербургте С. Тянь-Шанскийдің, академик В.И.Ламанскийдің редакциясымен басылып шыққан Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының «Россия. Полное Географическое описание нашего отечества» кітабының 18 томы Қазақстанға арналған. Ә.Бөкейханның «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи» еңбегінде қазақ өлкесі тас дәуірінен бастап көрініс тапқан. Кітаптың "Население" атты II - бөлімінде жазған мақаласында Ә.Бөкейхан қазақ халқының үлттық ерекшеліктерімен қатар рухани мәдениетіне терең тоқталып, Абай шығармашылығын жаңа заман тынысы, лебі, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп таныды. Абайдың әсіресе табиғат лирикасын аса жоғары бағалаған.
Новый энциклопедическій словарь / Подъ ред. Проф. И.Е. Андреевскаго. Томъ VIII. Издатели: Ф.А. Брокгаузъ, И.А. Ефронъ. - С.-Петербургъ. Ф.А. Брокгаузъ. Лейпциг: И.А. Ефронъ. С.-Петербург. - 959 с.
Авторларының қатарында 4-ші томынан бастап қазақ даласының асқан білгірі - Ә.Бөкейханның өзі де бар сирек қорымыздағы әйгілі Брокгауз-Ефрон сөздігінің (1911—1916) жаңа басылымының 8-ші томы ол жайлы да мәліметтер береді.